Үкімет отырысында қарастырылған мәселелер

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылуы және жаңа оқу жылына дайындық мәселелері қаралды.

Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты бақылауда. Бүгінде биылға жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында барлық салада кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Қала бюджетіне 645,2 млрд.теңге жоспарланған болса, оның 92,8 млрд.теңгесі республикалық бюджет есебінен.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 574,1 млрд.теңгені, нақты көлем индексі 100,3% құрады.

Қала аумағында бүгінде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл 18 500 орындық 18 мектеп пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, үш ауысымда оқытатын 4 мектептің мәселесі толығымен шешіледі. Бүгінде 9 мекеменің білім ғимаратына күрделі жөндеу жұыстары жүргізілуде.

Барлық құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде, нысандардың қыркүйекке дайындығы қатаң қадағалауда.

Үкімет басшысы жергілікті әкімдерге өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыруда бірқатар тапсырмалар жүктеп, жаңа оқу жылына дайындық мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ