Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғамСаясат

Кенесарының бассүйегі қазір қайда?

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының бассүйегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері Айбек Смадияровтан соңғы ханның бас сүйегі табылған жағдайда Сыртқы істер министрлігі қандай да келісімге бара ма деп сұрады.

Жалпы, мұндай мәселемен айналысатын тарихшылар мен мамандар. Соған қарамастан, бізге дипломатиялық жолдар арқылы тиісті ведомстволардан сауал келіп түседі. Біз оларды сәйкесінше, Ресейге жібереміз. Ресей тарапы ұсынған кейбір дерекке сәйкес, бұл бассүйек (Кенесарының бассүйегі — ред.) өмірде жоқ-мыс. Дегенмен мәселені тарихшыларға қалдырған жөн сияқты. Олардың бұл фактіні ресейлік әріптестерімен нақтылағаны дұрыс деп ойлаймын, — деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Балалардың спорттық және шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған орындар ашылуда

admin

Жастарға құқықтық тәлім –тәрбие беру бүгінгі күннің басты талабы

admin

ШЫМКЕНТ: Абай ауданының әкімі тұрғындармен тікелей эфирде кездесті

admin