Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Жоғалған қыз бір күннен кейін табылды

Түркістан облысында екі күн бұрын жоғалған қызды полицейлер тәулік ішінде тапты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кеше Түркістан облысы Мақтаарал ауданы полициясына жергілікті тұрғын арызданып, 9 тамыз күні автобекетте тұрмын деп хабарласқан 19 жастағы қызы үйіне қайта оралмағанын мәлімдеген. Тәртіп сақшылары хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, жас қызды табу мақсатында қажетті барлық жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Атқарылған жұмыстың нәтижесінде жас қыз бір тәулік ішінде Шымкент қаласынан табылып, ата-анасына тапсырылды. Анықталғандай, бойжеткен қыдыру ниетімен ешкімге айтпастан мегаполиске жол тартқан. Ал отбасымен ұялы телефоны бұзылып қалғандықтан хабарласа алмағаны белгілі болды. 

Сәйкес жаңалықтар

Қала әкімінің секторда берген тапсырмаларына шолу

admin

ТМҰ-ға мүше елдердің өнеркәсіп министрлері Қазақстанда кездеседі

admin

 Түркістанда садақ атудан ҚР кубогының ІІ кезеңі басталды 

admin