Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

500-ден астам жүргізуші жауапқа тартылды

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен жол үстіндегі құқық бұзушылықтарды болдырмау және оны дер кезінде анықтау мақсатында мегаполис жолдарында үздіксіз рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде соңғы бір айда көлік терезесін күңгірттеген 522 тізгіндеуші жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5 бөлігі (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, дер кезінде автокөлік иелерімен әйнектегі күңгірттеу қағазын алып тастау жұмыстары жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ, көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқару 5 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерге терезенің жарық өткізу талаптарын қатаң сақтауды ескертеді. Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін мұқият сақтап, жолда абай болуға шақырады.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Отбасы — бақыт мекені

admin

ШЫМКЕНТ: Абай ауданының әкімі тұрғындардың сұрағына жауап берді

admin

Бәйдібек: аудан әкімінің жеке қабылдауы өтті

admin