Қатерлі ісікпен есепте тұратын балаларға көмек
Биылдан бастап Шымкент қаласының медициналық мекемелерінде қатерлі ісік ауруы бойынша диспансерлік есепте тұратын балаларға әлеуметтік көмек төлене бастады. Дертке шалдыққан балалардың еміне жергілікті бюджет есебінен қосымша көмек ретінде ай сайын 5 АЕК, яғни17 250 теңгеден берілуде.
Сондай-ақ, елімізде күшіне енген әлеуметтік кодекс аясында жыл басынан бері табысы аз отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтама монетизацияланды. Әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткішті құрайтын 5 175 теңгеден берілуде.
Биылғы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша
Шымкентте мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген 10 800 отбасыға (54 675 адам) тағайындалған. АӘК жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға беріледі. 2023 жылдың үшінші тоқсанына кедейшілік шегі 32 716 теңгені құрап отыр. Мемлекеттік қолдау табысы аз азаматтарға кешенді әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді. Оларға ақшалай төлемнен бөлек, жұмыспен қамту , қысқа мерзімді кәсіптік оқыту мен мемлекеттік қайтарымсыз грант түрінде әлеуметтік қолдаулар жүзеге асырылуда.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі