Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сәуле шағынауданында 2,5 гектар саябақ бой көтереді

Жылдан жылға жергілікті халық саны артып келе жатқан Сауле шағынауданында саялы саябақ салынуда. Қала әкімі жауаптылармен бірге саябақтың құрылыс жұмыстарын қадағалап, жобаның жүзеге асырылуын пысықтады. Нысан құрылысын «ГрадСтройСервис» мердігер мекемесі жүргізуде. 2,5 гектарды алып жатқан заманауи демалыс аймағында жасанды газон, көгалдандыру алаңы қарастырылған. Жоба бойынша мұнда 900 шаршы метр асфальт және өрнектас жабындысы салынады.

М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға саябақтың құрылысын өндірістік кестеге сай жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ заманауи демалыс аймағын халыққа қолайлы етіп, озық үлгіде жасақтау бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Жетісу облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

admin

В Туркестанской области введена в эксплуатацию подстанция «Орталык»

admin

Жамбылда заманауи медициналық аппараттар қолданылуда

admin