Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Қазығұрт: мектеп күрделі жөндеуден өтуде

Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Қазығұрт шағын ауданындағы №66 жалпы орта білім беретін мектебі қазіргі уақытта күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов бүгін аталған мектептегі құрылыстың жай-күйімен танысты.

Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың мамыр айынан басталған. Іргетасы осыдан отыз жыл бұрын қаланған ғимарат 1260 орынға лайықтап салынған. Мұнда қазір екі мыңнан аса оқушы білім алуда. Үш қабатты нысанның күрделі жөндеу жұмыстары қазір 20 пайызға орындалды. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін жүргізіліп, жаңа жыл қарсаңында мектеп ұжымы мен оқушылар игілігіне беріледі деп күтілуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Департамент бастығы жергілікті полицияның 1000-ға жуық қызметкеріне жедел кеңес өткізді

admin

«Қоғамдағы татулық пен бірлікті қамтамасыз етудегі медиацияның рөлі» атты тақырыпта кездесу өтті

admin

Қазақстан 2025 жылды өсімдік шаруашылығында рекордтық көрсеткішпен аяқтады

admin