Құс қалдықтарынан биоотын дайындау жоспарла

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен қала халқының ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету деңгейін арттыру мақсатында биыл бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарға қойылған. Осыған орай Еңбекші ауданы, Базарқақпа тұрған алабында жаңадан тағамдық жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы бой көтеруде. Аталған құс фабрикасының аумағы 28 гектарды құрайды.

«Аймар құс» аталатын құс фабрикасының жалпы инвестициялық құны 4 млрд.теңге. Жоба бойынша 1-ші кезеңде 220 мың құсқа арналған жеңіл конструкторлы құс фабрикасын құрып, жылдық қуаттылығы 72 млн.дана жұмыртқа өндірілу керек.

Қазіргі уақытта тәуліктік балапандарға арналған 2 қора жай және мекиен тауықтарға арналған 2 құс қорасының құрылысы аяқталып, толықтай құрал жабдықтары орнатылған. Сонымен қатар, қосымша қора жай құрылыстары қарқынды жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарын биылғы жылдың қазан айында аяқтау жоспарға қойылған.

Құс фабрикасына сатып алынған құрал жабдықтар сапалы, әрі Германияда құрастырылған. Жоба толықтай іске қосылғанда 100-ге жуық жаңадан жұмыс орны ашылатын болады. Құс шаруашылығында заманауи технологияларды қолдануды қолға алған кәсіпкер алдағы уақытта құстан шыққан қалдықтардан биоотын және биогумус дайындап экологиялық таза тыңайтқыш өндіруді жоспарлауда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ