Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Әл-Фараби кітапханасында 181 жыл бұрын жарық көрген көне кітап сақталған

Бүгінде Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми әмбебап кітапханасында 181 жыл бұрын жарық көрген көне кітап мұрағатта сақтаулы тұр. Бұл — кітапхананың “Сирек қор” бөлімінде ағылшынның көрнекті жазушысы Вальтер Скоттың 1824 жылы Лондонда жарық көрген «Қызыл қолғап» /Редгонтлет/ атты тарихи романнының ІІ — томы. Ағылшын тіліндегі бұл кітап 328 беттен тұрады.

Осы секілді 4000 дананы құрайтын сирек кітаптар бөліміндегі көне кітаптар жойылып кетпей, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мақсатында бүгінде электронды форматқа көшірілуде.

Жалпы Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы барлық оқырман санаттарына арналған көпшілік кітапхана болып табылады.

Жалпы кітап қоры – 420 949, сирек кітаптар бөлімінің қоры – 4000 дананы құрайды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Шардарада шаруалармен кездесу өткізіліп, мақта қабылдау пункттері зерделенді

admin

Сауранда жаңа тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп жатыр

admin

Түркістан облысының жұмысшы мамандар даярлайтын колледж өкілдері қытайда тәжірибе алмасты

admin