Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Шымкентте жолда көлікпен «дойбы» ұйымдастырғандар жазаланды

Шымкентте жол ережесін бұзған бейнежазбаның кейіпкерлері жазаланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде қалалық полиция департаментінің қызметкерлері бірнеше шетелдік көліктердің қатысуымен жолдағы «дойбы ойыны» түсірілген бейнежазбаны анықтады. Көлік жүргізушілері қозғалыс кезінде бірнеше рет жолақты ауыстырып, қауіпсіз қашықтықты сақтамай, бірін-бірі басып озып төтенше жағдай туғызған.

Тізгіндеушілердің орынсыз қылығына ашуланған өзге де жол қозғалысына қатысушылар не болып жатқанын видеоға түсіріп алған. Патрульдік полиция полкінің инспекторлары қабылданған шаралардың нәтижесінде құқық бұзушылар анықталды.

Жол ережесін өрескел бұзған азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 595- бабы «маневр жасау қағидаларын бұзу» және 606-бабы «жол жүрісіне ЖЖҚ авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы» бойынша жауапкершілікке тартылды.

Сәйкес жаңалықтар

БЖЗҚ-дан жасына, мүгедектігіне және ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін қалай рәсімдеуге болады?

admin

Түркістанда 1619 пәтерлі 24 тұрғын үй тұрғындарға тапсырылады

admin

4 мыңнан астам жұмыс орны ұсынылды

admin