Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Құқық

Полиция шымкенттіктерді 60 млн теңгеге сан соқтырып кеткен алаяқ әйелге іздеу жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Шымкенттіктерді 60 млн теңгеге алдады деп күдік келтіріліп отырған әйелге іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мыңбаева Азиза Мамытқызы 1963 жылы туған. ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі «Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық» бойынша күдікке ілінді.

Ол 5 азаматты 60 млн теңгеге алдап соққан. Ол жәбірленушілерден жылжымайтын мүлік құнының 10-15 пайызын төлеп, сенімхат жазып беруге көндіріп, қалған соманы жақын арада төлеуге уәде берген. Қажетті құжатты алғаннан кейін, ол басқа біреудің мүлкін қайта сатып жүрген.

Қазіргі уақытта әйел тергеу органдарынан жасырынып жүр. Айта кетейік, ол бұрын да іздеуде болған.

Сәйкес жаңалықтар

«Ажырасу, алимент және сталкинг»: Бишімбаев ісін қараған Айжан Аймағановамен сұхбат

admin

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстары күшейтілді

admin

Полиция қараусыз жүрген 3,5 мыңға жуық малды анықтады

admin