Шымкент: Таскендегі тоғыз көшеге асфальт төселуде
- Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Таскен шағын ауданындағы көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Байсал, Қызан, Сандуғаш, Айнабекұлы, Кемел, Қырмызы және №1, №2, №3 аты жоқ көшелердің жалпы ұзындығы 4,6 шақырымды құрайды.
- Қала әкімі Мұрат Әйтенов аты аталған көшелердің құрылыс басында болып, жұмыстың жай-күйімен танысты. Мұрат Дүйсенбекұлы мердігер мекеме басшыларына стандартттық ережеге сай сапалы жұмыс істеуді тапсырды.
- Айта кетейік, жалпы жыл соңына дейін Таскен шағын ауданында 7,9 шақырымды құрайтын 16 көше орташа жөндеуден өтеді.
- Биыл жалпы қаламыздағы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында шаһар аумағында 243 нысан, яғни 297 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
- Жалпы қаламыздың жол инфрақұрылымын дамытып, сапасын жақсарту мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген.
- Атқарылып жатқан жұмыстар жоғарыда аталған іс-шара аясында іске асырылуда.
- Жол құрылыс жұмыстарының нәтижесінде жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы жыл соңында 71,2 пайызға дейін жеткізу жоспарланған.
- Бас жоспарға сәйкес, қала орталығынан шалғай орналасқан шағын аудандар мен тұрғын алаптардың ішкі орам көшелеріне басымдылық берілуде.
- Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі