Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Шымкент: Масаң күйде көлік құралын басқарған

А. көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, 2023 жылғы 29 маусымда 5 сағат 00 минут шамасында Кентау қаласы, Төле би көшесінде өзінің басқаруындағы көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған.

Сот отырысында А. көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғанын мойындайтыны, ол бойынша өкінетіні, көлік құралын басқару куәлігін алмағаны туралы түсініктеме берді.

Нәтижесінде А. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол осы баптың талабымен 20 (жиырма) тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан-Қытай: жаңа технологияны ендіру есебінен өнімділікпен қатар, мақта талшығының бәсекелестік әлеуеті ұлғаяды

admin

Жетісай ауданының тұрғындары назарына

admin

Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің тарихына шолу

admin