Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысында ішімдік тұтынудан бас тартқан тағы бір ауыл пайда болды

Түркістан облысында тұрғындары ішімдік пен темекіден бас тартқан ауылдары қатарына тағы біреуі қосылды, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Ruhy Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы Төлеби ауданы Қоғалы ауылының ақсақалдарыа темекі мен алкогольден бас тарту туралы шешім қабылдады. Бұл бастаманы ауыл халқы қолдады. Қоғалы — жаман әдеттен жиренген осы өңірдегі 12-ші ауыл.Полицияның мәліметінше, Қоғалы ауылында тұрғындар алкогольден бас тартқаннан кейін қылмыс қатары күрт сиреген, сонымен қатар ажырасу да тыйылған. 2022 жылы аймақтық байқауда бұл ауыл «Үлгілі  елді мекен» етінде мойындалған.

Бұған дейін Түркістан облысының Ордабасы ауданында Төреарық және Жусансай ауылдары жаман әдеттен бас тартқаны белгілі болды. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының екі ауылының тұрғындары да ішімдік тұтынудан бас тартты.

Сәйкес жаңалықтар

Сарыағашта 350 орындық заманауи мектеп пайдалануға берілді

admin

Теңге қашан нығаяды? – Эконимист доллар бағамына қатысты болжам жасады

admin

Биыл Қазақстанда 208 мыңнан астам көлік шығарылады

admin