Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан: тізе буынын емдеуде жаңа тәсілдер үйретілді

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының ортопедия бөлімшесінде «Тізе буынының эндопротезінің заманауи импланттары» тақырыбында мастер-класс өткізілді. Онда буынының жаңа «XN» импланты таныстырылды. Бұл эндопротездің ерекшелігі – тізе буынының эндопротездерінің алдыңғы нұсқаларының кемшіліктері ескеріліп, жетілдірілген. Эндопротезді орнатуға арналған заманауи және жетілдірілген құрал. Мұның бәрі операция уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ МӘМС аясында қосалқы патологиялары бар, паркинсон ауруының ауыр түрімен ауыратын 63 жастағы пациенттің тізе буынын қазіргі заманғы имплантқа ауыстыру операциясы жүргізілді. М.Ғ.Д., Мәскеу қалалық РУДН кафедрасының профессоры Д.Римашевскийдің қатысуымен буынға жаңа «XN» имплантын орната отырып, артроздан зардап шеккен тізе буынын ауыстыру операциясы жүргізілді. Операция сәтті өтті.

Болашақта Түркістан облытық клиникалық ауруханасының ортопедия бөлімшесі ірі буындардың жаңа импланттарын енгізуді және осы тәсілді кеңінен қолдануды жоспарлап отыр.

Сәйкес жаңалықтар

Астанада масалар мен шіркейлерге қарсы дезинсекциялық жұмыс жүріп жатыр

admin

Түркістан: Жетісай ауданы алматыдағы жәрмеңкеге 20 тонна өнім жөнелтті

admin

«Жаңа толқын» бағдарламасында арнайы Отырар ауданынан келген жас актер Нәмішов Мұхаммед

admin