Мұражай ашылды

Қасқасу ауылдық округіне қарасты Б. Биболатұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 15.12.2022 ж “Тәуелсіздік күні” мерекесіне орай, “Қасиетті бабалар тарихын тәуелсіздіктің арқасында таныдық” тақырыбында бүкіл саналы ғұмырын халықтың руханиятын көтеруге жұмсаған, мешіт салдырып, бала оқытқан Бекасыл Биболатұлы бабамыздың атынан салтанатты түрде мұражай ашылды. Мұражайдың ашылуына бірден бір себепкер болған ҚР жазушылар одағының мүшесі, ҰҚК генералы Ержан Исақұлов ағамыз келіп лентасын қиды. Салтанатты іс – шараға Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының қызметін уақытша атқарушы Б. Тойлыбаев, “Парасат” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оңғаров Шырынбек, ауыл әкімі Ермаханбетов Мейіржан және Рессей Федерациясынан келген қонақтар да қатысып іс шараны ұйымдастырушыларға тілектерін білдірді. Келген қонақтар халықтың тарихи мұрасын жаңғыртудағы Ержан Исақұлов ағамыздың еңбегін ерекше атап, мектеп ұжымы мен шәкірттерге өз алғыстарын білдірді. Сонымен қатар ауыл әкімі

М.Ермаханбетов мерекеге орай мектеп ұжымында белсенді кызмет атқарып жүрген азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады.

Шара барысында мектебіміздің бірнеше оқушылары бабамыздың шығарма, өлеңдерін оқып Бексыл бабаға арнау айтып берді. Аудандық мәдениет үйінен бірнеше әнші бишілер келіп, мектебіміздің оқушыларымен бірлесіп, өз өнерлерін көрсетті.

ПІКІР ЖАЗУ