Ірі қара мал шаруашылығымен айналысушылар қатары артып келеді

Ауданымызда ірі қара мал шаруашылығымен айналысушылар қатары артып келеді. Солардың бірі – Қоғалы ауылдық округі, Алшалы елді мекеніндегі «Перизат» шаруа қожалығы.

Шаруа қожалығы 2011 жылы сиыр сүтін өндіру және мал бордақылау бағытында құрылған. Иелігінде 200 бас ірі қара мал, оның ішінде сауынды сиыр 75 бас. Мұнда күніне 1 тоннадай көлемде сүт өндіріліп, сүт өнімдерін өндіретін көшбасшы кәсіпорынға өткізіліп келеді. Кәсіпкер бүгінде ауылдың 3 тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Айта кетерлігі, ауданда жалпы 4 050 агроқұрылым бар. Оның 48-і өндірістік кооператив, 128-і ЖШС, 3 874-і шаруа қожалық.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ