«Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері Төлеби аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе кезекті түнгі рейд жұмыстарын ұйымдастырды.
Мейрам күндері қарсаңында ойын-сауық мекемелері, кафелерді аралап, әкімшілігіне сағат 22.00-ден таңғы 06.00-ге дейін кәмелет жасқа толмағандарды заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз кіруіне, тыйым салынған заттарды балаларға сатылуына жол бермеу керектігі туралы жеткізілді.
Негізгі мақсат балалардың қауіпсіздігі!!!
Рейд нәтижесі бойынша жалпы 12 ойын-сауық мекемеге, кафеге түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Құрметті ата-аналар мерекелер қарсаңында, балаларымыздың жүріс-тұруын әрдайым қадағалауыңызды сұраймыз.
