Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің және «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде жұмысын сапасын арттыру мақсатында семинар өтті

Ағымдағы жылдың 23 желтоқсан күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімі ұйымдастыруымен ​ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мамандары тарапынан семинар өтті. Өткен семинарға аудандық дербес бөлімдер, қала, ауылдық округтерінің мемлекеттік қызмет салаға жауапты мамандары қатысты. Семинар барысында «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, бұзушылықтардың алдын алу және қайталама бас тартуларды болдырмау мақсатында аудан әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің жетекші маманы Ж.Шохатов –баяндама жасады. Семинарға қатысушылар тарапынан көтерілген сұрақтарға жауап беріліп, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша нұсқамалар берілді.

 

ПІКІР ЖАЗУ