Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Төлеби ауданының әкімі әлем чемпионы атанған жастармен кездесті

Төлеби ауданы жастарының салауатты өмір салтын ұстанып қана қоймай, спортты жанына серік етіп, тұрақты түрде шұғылдануы қуанарлық жәйт. Жастарды спортқа баулу – жарқын болашақ кепілі десек, бұл саладағы жетістіктеріміз көп. Сөзімнің дәлелі, Желтоқсан айының 12-14 күндері аралығында Астана қаласында қазақ күресінен өткен әлем чемпионатына қатысып, ауданның тумасы Байкамуров Марат чемпион атанып, алтынан алқа тақса, Анарбаев Әсет — Қырғызстан елінде самбодан өткен дүбірлі додада ел намысын қорғап, күміс жүлдегер атанды.

Бүгін, әлемге Түркістан облысының ғана емес, күллі Қазақ елінің атын танытқан жастарды қабылдап, оларды Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған төсбелгімен, «Алғыс хатпен» марапаттап, жеңісімен құттықтадым. Әлем чемпионы атанып, ел абыройын асқақтатқан спортшылардың әлемдік додада биіктерден көрінуі біз үшін үлкен мақтаныш.

Біз спорт саласын әрдайым қолдаймыз. Бұқаралық спорт түрлерін насихаттау арқылы ұлт денсаулығын бекемдей аламыз. Бүгінгі күні ауданда спорт саласына және оның ішіндегі ұлттық спорттың дамуына аса мән беріліп келеді.

Аудан аумағында ұлттық спортты дамыту бағытында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бірнеше жыл қатарынан «Көшпенділер» ойыны ұйымдастырылып, оған облыстан 17 аудан спортшылары қатысып, бақ сынап келеді. Спорттың бұл түрінен аудан тумалары көптеген сайыстарға қатысып, жеңіс тұғырынан көрінуде.

Сәйкес жаңалықтар

Елімізде 100 жастан асқан 440-тан астам адам бар

admin

Түркістан облысы аумағында әкімшілік және әлеуметтік нысандардың құрылысы жалғасуда

admin

Құс қалдықтарынан биоотын дайындау жоспарла

admin