Түркістан – жарық қала!

Қазіргі таңда қала аумағындағы 393 көше сапалы жарықтандыру жүйесімен қамтылған. Бұл жалпы жарықтандырылған көшелер үлесімен есептейтін болсақ 44,9%-ды құрайды. Алайда, қалаға көшіп келушілердің көбеюі мен бұрын кезінде сол шағын аудан тұрғындарының қаржы жинауымен салынған трансформаторлардың күші жетпейтіндігі белгі болып отыр.

Бұл мәселе бойынша да, кешенді шаралар қарастырылуда. Мәселен, биылғы жылы Түркістан қаласы аумағында 176,4 шақырымды құрайтын 142 көшеге жарықтандыру жүйесінің құрылысы жүргізіліп, оның қазіргі уақытта 123,1 шақырымды құрайтын 93 көшесі толығымен іске қосылды. Қалған 53,3 шақырымды құрайтын 49 көшені жарық көзімен қамтамасыз ету мақсатында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-імен бірлесе техникалық келісім шарт әзірленуде. Нәтижесінде, жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесі 61,1%-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар, 2023 жылдың соңына дейін қосымша 223 көшеге жарықтандыру жүйесін жүргізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта жоспарға сәйкес құрылыс жұмыстары «Бірлік» тұрғын алқабына қарасты 33 көшеде жүргізілуде.

 Кезінде мемлекет тарапынан дұрыс қамқорлық болмағандықтан, оның сыртында қаланың бас жоспары болмағандықтан осындай келеңсіз жағдайлар орын алып келгендігі рас. Қала әкімінің жергілікті тұрғындармен кездесулерінде көтерілген мәселелердің бірі де осы.

Осыған орай, биылғы жылы қала аумағындағы топырақ жолдардың пайызын азайта отырып, тас төселген көшелердің саны мен сапасын арттыру мақсатында жыл басынан бері 120 шақырымды құрайтын 152 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Тас төсеу жұмыстарымен қала аумағындағы алты секторда, яғни «Отырар», «Шауғар», «Бекзат», «Яссы», «Сауран», «Бірлік» тұрғын алқаптарындағы топырақ көшелері қамтылуда.

ПІКІР ЖАЗУ