Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

2022 жылы 117 отбасы тұрғын үймен қамтылды

            Тұрғын үй кезегіндегі 4520 адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 1 млрд 580 млн теңгеге Ленгір қаласында 180 пәтерлі 9 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысын 2021 жылы аяқтап, пайдалануға беру үшін 23,7 млн теңге облыстық бюджеттен қарастырылып, 6 дана көп пәтерлі тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Нәтижесінде 7316 шаршы метр іске қосылды. Ал қалған 3 дана тұрғын үйдің құрылыстарын аяқтау үшін облыстық бюджеттен 52,1 млн қарастырылып, ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарлануда. Нәтижесінде 3658 шаршы метр тұрғын үй іске қосылады.

           Сонымен қатар, Ленгір қаласы І мөлтек ауданы аумағынан 9 дана 60 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыстарының сметалық құны 7 млрд 786 млн теңге болатын және Базарная және Қ.Дүйсемұратұлы көшелеріндегі  5 қабатты 40 пәтерлі 4 дана тұрғын үйлердің сметалық құны 1 млрд 817 млн теңгені құрайтын жобалар әзірленіп, сараптамалардың оң қорытындылары алынып қаржыландыру үшін салалық басқармаларға ұсынылды.

         Тұрғын үймен қамту  бойынша:  Бүгінге барлығы – 4890 азамат тұрғын үй кезегіне тіркелген. (Оның ішінде: «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатында – 338; «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санатында – 1998; «Көп балалы отбасылар» санатында – 1043; «Мемлекеттік және бюджеттік мекеме қызметкерлері» санатында – 1510 және «Жалғыз, тұрғынжайы авариялық жағдайда деп танылған» санатында – 1 азамат).

2022 жылы 117 отбасы тұрғын үймен қамтылды. (Оның ішінде: 3 – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 60 – көп балалы отбасы, 54 – әлеуметтік жағынан осал топтар санаттары бойынша тұрғын үймен қамтылды).

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан музыкалық драма театры ІІІ маусымның шымылдығын түрді

admin

Астанада жас педагогтердің ІІ республикалық форумы басталды

admin

Антикор негізсіз жұмсалмақ болған 55 млрд теңгені бюджетке қайтарды

admin