Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков: «Түркістан қаласында 7, 9 және 12 қабатты жалпы 82 тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілуде»

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің баяндауынша, құрылыс бөлімі тарапынан Түркістан қаласындағы Әкімшілік-іскерлік орталықта 7, 9 және 12 қабатты жалпы 82 тұрғын үй мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілуде. Оның аумағы 340,9 мың шаршы метр болса, барлығы 5313 пәтері бар. Тоғыз қабатты бес үйде 14,02 мың шаршы метрлік 225 пәтер пайдалануға берілетін болады. Несиеге берілетін пәтерлер саны 4039-ға жетіп отыр. Жеті қабатты 32 үйде 116,4 мың шаршы метрлік 1851 пәтері қамтылады. 12 қабатты 45 үйде 210,5 мың шаршы метрі қамтылып, 3237 пәтер салынуда. Мұндай құрылыс қарқыны Қазақстанның еш жерінде жоқ. Барлығы 5313 пәтерде қала тұрғындары қоныс тойын тойламақ.

Қала әкімінің айтуынша, 7 қабатты 10 тұрғын үй яғни 780 пәтер (53478 ш.м.) қабылдаудан өтіп, пайдалануға берілді. Оның 330 пәтері ипотекалық несиеге берілсе, 450 пәтерді кезекте тұрған отбасыларға беру жоспарланған. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқан жеті қабатты жеті тұрғын үйдің 336 пәтері түгелдей ипотекалық несиеге беріледі. Қазіргі таңда оның бесеуі қабылдаудан өтті. Әр тұрғын үйде 48 пәтерден бар. Оның ішінде, 1 бөлмелі – 45,73 м², 2 бөлмелі – 66,65 м², 3 бөлмелі – 82,13 м². Қала әкімі ұсынған тұрғын үй нарығындағы ақпараттарға көз салсақ, бірнеше компания өз ұсыныстарымен жаңа жобаларын жасап шығарды. Мәселен, Матайбеков жобасы бойынша, 12 қабатты 10 тұрғын үй 680 пәтер 38426,3 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде 600 пәтер сатылымға қойылса, 80 пәтер көпбалалы отбасыларға беріледі. Әр тұрғын үйде 68 пәтерден, оның ішінде, 1 бөлмелі – 31,0 м², 2 бөлмелі – 58,60 м², 3 бөлмелі – 78,58 шаршы метрді құрайды.

Тұрғын үйлердің жертөлесі коммерциялық қабатпен қамтылған. Қазіргі таңда тұрғын үйлердің 5 данасының құрылысы аяқталып, Отбасы банкі арқылы сатылымға қойылған. Тұрғын үйлер орталық жылу жүйесімен қамтылған. Түркістан қаласының Бас жоспарына сәйкес, 12 қабатты 29 тұрғын үйдің 2047 пәтері 141 861 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде 1471 пәтер сатылымға қойылса, 576 пәтер кезектегі отбасыларға беріледі. Бас жоспарға сәйкес тұрғын үйлер алты жер телімінде 5 үйден орналасқан. Әр тұрғын үйде 70-71 пәтерден бар. Оның ішінде, 1 бөлмелі -40,76 м², 2 бөлмелі – 62,14 м², 3 бөлмелі – 88,59 м². Қабылдау биылғы жылы басталып, келесі жылы жалғасады. Интер констракшн жобасымен қамтылған 12 қабатты 6 тұрғын үй 510 пәтер 30263 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде 446 пәтер сатылымға қойылса, 64 пәтер көпбалалы отбасыларға беріледі. Әр тұрғын үйде 85 пәтерден, оның ішінде, 1 бөлмелі – 42,90 м², 2 бөлмелі – 64,46 м², 3 бөлмелі – 77,95 м². Мердігер тарапынан қазіргі таңда екі тұрғын үйдің ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Осы айдың соңына дейін қабылдау жоспарланып отыр. Қалған төрт үйдің жобасына түзету енуіне байланысты биылғы жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Тур проект жобасының аясында 7 қабатты 15 тұрғын үй 735 пәтер 43 263,1 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде 735 пәтердің барлығы сатылымға қойылады. Аталған тұрғын үйлер қараша айларынан бастап қабылдаудан өтетін болады. Әр тұрғын үйде 49 пәтерден, оның ішінде 1 бөлмелі – 36,14 м², 2 бөлмелі – 58,46 м², 3 бөлмелі – 69,36 м². Тұрғын үйлер бойынша бес тұрғын үй құрылысы аяқталуға жақындап, банкке сатылымға қойылған. Үйлер толығымен ағымдағы жылы қабылдаудан өтеді. Мұнда дербес жылу жүйесі болады. Қаз Элит строй -2050 жобасы да өте ауқымды. Бұл жобаның ішіне кіретін 9 қабатты 5 тұрғын үй 225 пәтер 14027 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде 121 пәтер сатылымға қойылса, 104 пәтер көпбалалы отбасыларға беріледі. Әр тұрғын үйде 45 пәтерден, оның ішінде 1 бөлмелі – 38,4 м², 3 бөлмелі – 68,62 м². Бүгінгі күнге екі тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Қалған үш үйде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Тұрғын үйлер толықтай орталық жылу жүйесімен қамтылады. Қазіргі таңда тұрғын үй мәселесі ел тұрғындары үшін ең өзекті тақырыптың бірі. Түркістан жағдайында баспана жайын шешудің бірнеше жолы бар: құрылыс компанияларынан тікелей сатып алу, банктердің ипотекалық бағдарламалары, қызметтік пәтер алу, жалға алып, кейін толық сатып алу, мемлекеттік бағдарлама арқылы алу немесе азаматтардың жекелеген тобына әкімдіктен берілетін үйлер.

Елімізде үй кезегіне тұратын адамдар санаты электронды Үкімет порталда бекітілген. Ең алдымен, тұрғын үй кезегіне тұру үшін азамат өзі баспаналы болғысы келетін елдімекенде тұрақты тұруы тиіс. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға үміткерлер тізімі былай қалыптасқан. Алдымен Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар, көпба-лалы отбасына жататын азаматтар, ха-лықтың әлеуметтік әлсіз топтары, мемле-кеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, әскери қызметкерлер, ғарышкерлікке үміткерлер және мемлекеттік сайлау лауазымындағылар қамты-лады. Жалғыз баспанасы апатты жағдайда деп танылған азаматтар. Еліміздің заңнамасы бойынша азаматтарға тұрғын үй тегін берілмейді.

Несиелік жолмен тұрғын үйге қол жеткізуде кезекте тұрған азаматтарға жеңілдетілген бағдарламалар қарастырылған. Түркістан облысы мен қала аумағында тұрғын үй мәселесін шешу үшін 2019 жылдың маусым айында «Бақытты отбасы» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы іске қосылған. Ол бойынша 20 жылға 10 пайыздық алғашқы жарнамен жылдық мөлшерлемесі 2 пайыз жеңілдетілген ипотека беріледі. Сондай-ақ, үйге мұқтаж ретінде әкімдікте есепте тұрған азаматтар «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағыты «Шаңырақ» жобасына қатыса алады. Бұл бағдарлама бойынша 5 пайыздық жылдық мөлшерлемемен, 10 пайыз алғашқы жарна арқылы 20 жылға несие алу мүмкіндігі берілген.

Ұлттық статистика бюросы мәліметіне сәйкес, республика бойынша жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрі 352 654 теңгеге бағаланады. Бұған дейін қолданыста болған пәтерді сату кезінде бір шаршы метрі үшін баға 279 216 теңгеден басталады. Ал, пәтерді жалдап тұру ақысы бір шаршы метрі үшін орта есеппен 1 888 теңге тұрады. Осылайша бір жыл ішінде жаңа пәтер құны 14,6 пайызға, екінші сатылымдағы пәтер 23,7 пайызға қымбаттады.2015 жылдың желтоқсанына қарағанда жаңа тұрғын үйдің бағасы 27,4 пайызға, екінші сатылымдағы үй бағасы 43,1 пайызға өсті.

ПІКІР ЖАЗУ