Әкімнің халықпен кездесуі жалғасуда

Аудан тұрғындарымен кезекті кездесу Аққұм ауылдық округінде өтті. Момынай елді мекеніндегі ұзындығы 5,6 шақырым Ақтас көшесіне асфальт төселгенін және Аққұм елді мекеніндегі 1,17 шақырым Ащы көшесі орта жөндеуден өткенін айтты. Жаңаұйым елді мекеніндегі Тастөбе көшесіне ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Ленгір-Аққұм бағытындағы автомобиль жолының 0,2 шақырымы жөнделіп, 2023 жылы КХТЛ-16 «Аққұм-Көксәйек», «Аққұм-Жаңатұрмыс» автомобиль жолдарын орта жөндеуден өткізуге жоспарланып жатқанын айтты. Асфальттанған Жаңаұйым елді мекенінің орталық көшесін кеңейту жұмыстары 2024-2025 жылдары жүзеге асырылады.

Аққұм елді мекеніндегі Ащы көшесі, Момынай елді мекеніндегі Ақпан батыр, Бұлақты көшелеріндегі электр жүйелерін ауыстыру бойынша жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, қаржы қарауға ұсыныс берілді. «Ауыл –ел бесігі» жобасы аясында Момынай елді мекенінен Мәдениет үйінің құрылысына қаржы қарастырылғаның айтты.

Аудан әкімі қойылған сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Төлеби ауданы мәслихатының баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ