Төлеби ауданының әкімі тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы билік пен халық арасында конструктивті диалог орнату қажеттігін айтып, барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесуін өткізуді, жеке қабылдаулар жүргізуді тапсырды. Жоспарға сай, жыл көлемінде аудан аумағындағы барлық елді мекендерде кездесу өтіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, өтініштерін тыңдады.

Бүгін, бекітілген кестеге сәйкес, тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келгендер жер, ауыз су, ағын су проблемаларын көтерді.

Көксәйек ауылдық округінен келген Ж.Джумадилова 2011 жылы шыққан ауданның арнайы жер қорынан жер берілуі қажеттігі жөніндегі шешімнің орындалуына қатысты сұрақтар қойып, мамандардан кеңес сұрады.

С.Нысанбаева Қазығұрт ӨК – дегі иелігіндегі жерінің үлесін өз атына заңдастыру мәселесіне қатысты біршама түсінбеушілік туындап отырғанын айтып, сала мамандарынан кеңес сұрады.

Н.Турапбаев «Біркөлік» елді мекенінен 2016 жылы жер сатып алып, үй тұрғызғанын, қазіргі кезде өз учаскесіне қатысты дау-дамай туындағанын, ол бойынша Жоғарғы сотқа арызданғанын айтып, орын алған мәселені шешуге мамандардың көмек беруін сұранды.

К.Мұздыбаева Жіңішке елді мекенінде ауыз су мәселесі шешімін таппағанын, көше басындағы тұрғындар тіршілік нәрін үнемдеп қолданбауының нәтижесінде 5 үйге судың қысымы жетпей қалатынына шағымданды.

Барынша ашық және есепті мемлекетті қалыптастыру мақсатында тұрғындардың пікірі барынша ескеріліп, сала мамандарына тапсырмалар жүктеді. Азаматтардың барлық өтініштеріне жедел және тиімді жауап беру үшін көтерілген мәселелер хаттамаға жазылып, оның орындалу барысын өз бақылауымда болатынын жеткізді.

ПІКІР ЖАЗУ