Түркістан қаласы әкімдігінің «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» ММ-нің атқарылған жұмыстары

ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

                Түркістан қаласының аумағында 39 937 электр абонент бар болса, олардың тек 33 937 абоненттері сапалы электр қуатымен қамтылған. Оның орташа сағат тұтыну мөлшері – 48,8 МВт/сағ.

                Өткен жылы 3 нысанның құрылысы жүргізіліп 100% жұмысы орындалды және 3897 абонент сапалы электрге қол жеткізді. Пайдаланушылардың қамту көрсеткіші 84,9% дан 98,5% артты.

                Биылғы жылы 1 нысан жеке тұрғын үйлерді сапалы электр қуатымен қамту және 3 нысан әуе электр желілерін кабельдік желіге ауыстыру құрылыстарын жүргізуге 2,5 млрд. теңге қаржы қаралды. Жоба құны –                  4,2 млрд. теңге, нәтижесінде қосымша 9929 астам абонент электр қуатымен қамтамасыз етіледі.

                 Бұл өз кезегінде тұрғындарды электрмен қамтуды 98,5%-дан                  99% жеткізеді.

                Қала көлемінде жалпы 1 446,7 шқ. электр желісі бар.

2021 жылы коммуналдық меншігінде  791,5 шқ. немесе 55%.

«ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС теңгерімінде 475,3 шқ немесе 32%.

Жеке және заңды тұлғалардың меншігінде  179,904 шқ. немесе 13%.

Қала көлемінде трансформатор саны – 1 308.

Коммуналдық меншікте  359 данасы бар – 27%.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС  теңгерімінде 189 данасы – 15%.

Жеке және заңды тұлғалардың меншігінде 760 данасы – 58%.

  2022 жылы өткізілген нысандар:

 Коммуналдық меншіктегі 102,5 шқ. (7%) трансформатор мен 1 164,3 шқ. (80%) электр желісі «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС  мекемесіне  сенімгерлік басқаруға өткізілді.

Бүгінгі таңда коммуналдық меншікте 154 дана (12%),

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС  теңгерімінде 394 данасы (30%).

Жеке және заңды тұлғалардың меншігінде 760 данасы (58%).

Ескертпе: Қалған 154 нысанды «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-не өткізу мақсатында құжаттары рәсімделуде.

Қаланы жаңғырту бағдарламасы аясында, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-гі тарапынан  соңғы 3 жылда 39 дана трансформатор, 32,33 шқ. электр желісі мен  1002 дана электр бағанасы орнатылған. 2023 жылға 12,790 шқ. электр желісі мен 2 дана трансформатор орнату жоспарланған.

АУЫЗ СУ

Түркістан қаласында 38 220 абонент ішінде ауыз сумен                           37 655 абонент немесе 98,5% қамтамасыз етілген.

Су алу көздері Біресек (1590 м3/сағ) және   Мырғалымсай (3 200 м3/сағ)

Су жинау резервуарлары арқылы  72 000 м3 су жиналып, халыққа берілуде (Шобанақ 4 дана (40 000м3), Б.Майлина 2 дана (16 000м3), Б.Майлина 2 дана   (16 000м3), «Түркістан Су» МКК -21 ұңғыма, «Арыс теміржолы» ЖШС – 14 ұңғыма).

   Ағымдағы жылы 2 нысанды ал, қалған 3 нысанның құрылысын 2023 жылы аяқтау жоспарлануда.

  (Мақтазауыт, 1-2 м/а, Яссы ж/е Шауғар, Төреқұлов,  – 13 961 абонент).

Ағымдағы жылы – жаңадан қоныстанған аумақтарды ауыз су жүйесімен қамту басталды.

Іске асу мерзімі: 2022-2023 жж

Қамтылатын абонент саны- 2750

Жобаны толықтай іске асырсақ  ауыз сумен қамту 2023 жылы 100% болады.

КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ

Орталықтандырылған кәріз жүйесімен 32,2% немесе қаланың              12 297 абоненті қамтылған.

2021 жылы жоба бойынша қуаттылығы тәулігіне 20 мың м3  сарқынды су тазарту имараты іске қосылды. Қабылданып жатқан сарқынды су көлемі тәулігіне 4500 м3. Оның 27 дана КНС,                         127 шақырымы магистральды сарқынды су құбырлары қолданыста. 2021 жылы 3 нысанның  құрылыс жұмыстары аяқталған болатын

Биылғы жылы жалпы 15 жоба іске асырылуда. Қазіргі танда,                            6 нысанның  құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қоса 4 нысан қаржыландыруға ұсынылып, 5 нысанның ЖСҚ әзірленуде.

Нәтижесінде жыл қорытындысымен кәрізбен қамту көрсеткші – 48,9%, ал 2023 жылы ұсынылған жобалар қолдау тапса көрсеткіш –80% қамтитын болады.

2022-2023 жылдарға жеке тұрғын үйлерге қосатын 2 жобаға ЖСҚ әзірленуде (Отырар 2-кезек, Ортақ 3-кезек).

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮРГІЗІЛГЕН  АУМАҚТАРДЫ ҚАЙТА-ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

Сонымен қатар, мердігер мекемелер тарапынан инфрақұрылым жүргізілген  аумақтарды қайта-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы 141 көшені қайтап қалпына келтіру қажет болған. Қазіргі таңда, 92 көше қалпына келтірілді, қалған 49 көшені алдағы уақытта қалпына келтіру жоспарлануда.

Бүгінгі таңға Бірлік секторында қайта-қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталды. Қалған секторларда Шауғар секторы – 50%, Бекзат секторы- 70%, Сауран секторы- 75%, Отырар секторы – 60%, Яссы секторы- 50%-ға аяқталып отыр.

Алдаға уақыттағы қар және жауын-шашын салдарынан құрылыс жұмыстары жүргізілген аумақтарда  өз деңгейінен төмендесе қосымша мердігер есебінен қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.

ТАБИҒИ ГАЗ БОЙЫНША

Түркістан қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп,                 39 937 абонент газбен жабдықтау желілеріне қосылды.

Бүгінгі күні көгілдір отынды 38-060 абонент (дербес шот ашылғаны – 31 240, техгикалық атқарушы құжат рәсімделуде – 3 266, құжаттар рәсімделуде – 3 554) немесе қала тұрғындардың  92 % дербес шот ашып пайдалануда.

2021 жылдың 1 қаңтарына дейін 52 037 абонент газ құбырларына қосылған, қамту көрсеткіші 82,5%.

Жаңадан қоныстанған, жер телімдерін екіге бөлген, жер құжаттарын енді ғана заңдастырған 380 тұрғын үйді табиғи газбен қамту мақсатында, жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда 1229 абоненттің ИТД құжаттары ресімделуде. Аталған абоненттер қосылса қамту көрсеткіші – 92% -дан 94% жетеді.

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ГАЗДАНДЫРУ

Табиғи газбен қамтылмаған көпқабатты тұрғын үйлер саны – 57           (2 ағаш үй)

Монтаждау жұмыстары жүргізілгені – 55

Табиғи газ пайдалануда- 37

Бет есеп ашқандары – 34

18 үйді газдандыру бойынша жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғын үйлерді табиғи газға қосу «ҚАЗТРАНСГАЗ» АҚ-ның талабы бойынша коксиалды түтін шығатын мұржа орнату қажет. Қазіргі таңда 7 үйге коксиалды мұржа орнатылып, қысымдау жұмыстары жүргізілуде.

 ЖЫЛУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

       Қалаға сапалы жылу беру үшін тозығы жеткен жылу жүйесін кезең-кезеңмен жаңарту мақсатында 1 нысанда құрылыс және жөндеу  жұмыстары жүргізілді. 14,2 шқ. Жылу құбырларының тозу деңгейі  79% дан 30% төмендеді.

      2022 жылы 1 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде (Түркістан қаласы, 1-2 м/а ішкіорамдық жылу жүйелерін қайта жаңғырту (2-кезең магистральді желі). Мемлекеттік сараптама шығу мерзімі: 2022 жыл желтоқсан).

Құрылыс жүргізу жұмыстары 2023 жылға жоспарлануда. Нысан толық аяқталған жағдайда жылу құбырларының тозу деңгейі 30% дан 10% төмендейді.

      Қала аумағында 17 жылу қазандығы арқылы 155 көпқабатты үй (7798 пәтер) жылумен қамтамасыз ету жоспарланса, бүгінгі таңда 12 қазандық жұмыс атқаруда.

ПІКІР ЖАЗУ