Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Киелі орындарға саяхат жасады

«Jastar ruhy» ЖҚ Түлкібас аудандық филиалы «Киелі Түлкібастан – Қасиетті Түркістанға» атты қайырымдылық керуенін ұйымдастырды. Аталған шара «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы мен «Балалар жылының» аясында өткізілді. Бағдарлама бойынша балалар алдымен киелі орындарға саяхат жасады. Атап айтқанда, Арыстанбаб және Қожа Ахмет Ясауи кесенелері, «Сапар» орталығы, «Керуен сарай» ойын сауық кешені жайлы деректермен танысты.

Рухани-мәдени серпілістен соң  «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева жоба қатысушыларымен кездесті. 

– Бүлдіршіндермен бетпе-бет көрісіп, жүздерінен болашаққа деген сенімдерін көру адамды керемет әсерге бөлейді. Өскелең ұрпақтың бойларына рухани құндылықтарды сіңіріп өсіп келе жатқаны көңіліңе қошуақ сыйлайды. Жиын соңында балалар жобаға деген көзқарастары жақсы екенін айтып, алғыстарын жаудырды. Армандарымен бөлісті. Кездесу ерекше салтанатпен өтті десек те болады, – деді Қалыйма Жантөреқызы.

Айта кетейік, аталған қайырымдылық керуеніне түлкібастық 50 бала қатысты. Олардың ата-аналары ұйымдастырушыларға дән риза. Жоба алдағы уақытта да жалғасын табады. 

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Сәйкес жаңалықтар

«TURKISTAN» телеарнасы журналистерінің ұсыныстары тыңдалды

admin

Сарыағаш: аудан әкімі Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды

admin

Ұшақ апаты: Мемлекет басшысы Әзербайжан президентіне көңіл айтты

admin