Электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемi 3293,9 миллион теңгенi құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 115,5 пайызға артты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен болатын. Бұл сала ең алдымен, тұрғындарға тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады. «Сондай-ақ, жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді. Сондықтан мемлекет алдағы уақытта да бизнеске қолдау көрсете береді», деді Президент.
Осы орайда облыс орталығы Түркістан қаласында кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіліп, көптеген бағдарламалар қолданысқа еніп, кәсіп иелерінің игілігіне жаратылуда. Мұның барлығы өнеркәсіп, шағын және орта бизнес, бөлшек сауда, ауыл шаруашылығы саласында өз жемісін беруде. Түркістан қаласы әкімдігінің бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы Талғат Қыдырбаевтың айтуынша, кәсіптің керегесін кеңейтіп, көзін табам деушілерге бүгінде мол мүмкіндіктер берілген. Қазіргі таңда өнеркәсіпте, шағын және орта бизнес түрлерінде жетістіктерге жетіп жатқан азаматтар аз емес. Нақтырақ айта кетсек, өнеркәсіп саласында 2022 жылдың қаңтар-шілде айларында 10332,8 миллион теңгенiң өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда (8813,5) өсім 1,1 % құраса, өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 6151,1 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда (5621,8) 109,4 пайызды құрап өсім беріп отыр. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемi 3293,9 миллион теңгенi құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (2851,8) 115,5 пайызға артты. Осылайша өнеркәсіп өнімі бойынша қаланың облыс көлеміндегі үлесі 2,9 пайызды құрап, қала-аудандар бойынша 4 орынды иеленді.
Үдемелi индустриалды-инновациялық даму жөнінен 2022 жылдың ІІ тоқсандығы бойынша индустриалды аймақтың қатысушылары 1,01 млрд теңгеге өнім өндіріп, 110 миллион теңгеге салық төледі. Нәтижесінде биыл индустриалды аймаққа құны 3 миллиард теңге болатын және 166 жаңа жұмыс орнын құратын 4 жоба тартылып, Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің оң қорытындысына қол жеткізді. Нақтырақ айтсақ, олар: «Ali Construction Group»ЖШС – 890 миллион теңге, 29 жұмыс орны, темірбетон бұйымдарын жасау, «TECHTRONIC STROY»ЖШС – 500 миллион теңге, 20 жұмыс орны, темірбетон бұйымдарын жасау, «Гүлзада»ЖК – 100 миллион теңге, 20 жұмыс орны, темір және ағаштан есіктер жасау және «Бозарық АБЗ»ЖШС – 1500 миллион теңге, 100 жұмыс орны, асфальтты бетон сұйығын жасау жобалары. Осы аталған жобалар көптеген жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізбек. Биыл құны 810 миллион теңге және 54 жұмыс орнын құрайтын 3 жобаны («Баянды Құрылыс» ЖШС – 593 миллион теңге, 28 жұмыс орны; «Оспан» ЖК – 100 миллион теңге, 6 жұмыс орны «EuroBlock Production» – 113,8 миллион теңге, 20 жұмыс орны) іске қосу жоспарланған болатын. Аталған кәсіпорындар ішінен «Баянды Құрылыс» ЖШС-ы іске қосылып 31 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Қалған екі кәсіпорын тамыз айында іске қосылады деп жоспарлануда. «Шағын және орта бизнеске келсек, 2022 жылдың қаңтар-шілде айында шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын 14500 субъект тiркелiп, оның iшiнде жұмыс iстеп тұрған белсендi субъектiлерiнiң саны 14155 немесе 97,6 пайызды құраған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (11352) 1,2 есеге артты. Жұмыспен қамтылған адам саны 29628, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (29128) 1,0 есеге артып отыр. Өнiм көлемi (жұмыс, қызмет) 127,8 миллиард теңге, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (97,2) 1,3 есеге артты, бюджетке төленген салық көлемі 11,6 миллиард тенгені құрады, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,853 миллион теңгені құрап 1,4 есеге артты», – дейді Талғат Қыдырбаев.
Белсенді шағын және орта бизнес субьектілердің толық статистикалық есептілік тапсыруын қамтамасыз ету, олармен төленетін міндетті төлемдерінің өтелуін қадағалау бойынша статистика басқармасымен бірлесіп жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша биылдың қаңтар-шілде айында «Ырыс» микроқаржы ұйымы ЖШС-ы 198,5 миллион теңгені құрайтын 16 жобаны қаржыландырған. Екінші деңгейлі банктерден «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында «Рахымжан» жеке кәсіпкерлігі «Forte bank» ұйымынан 100 млн теңге көлемінде несие алып, жыл соңына дейін 90 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда және осы бағдарлама аясында 11 жоба 662 миллион теңгеге субсидияланып, 6 жоба 60 миллион теңгеге кепілдендірілген. Бөлім басшысы алдағы уақытта «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2025 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы» аясында «Ырыс» микроқаржы ұйымының Түркістан қаласына бөлінген қаражат есебінен басым бөлігі туризм саласындағы жобаларға қолдаулар көрсетілуі жоспарланып отырғанын айтады.
Қаланың экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі – сауда-саттық қызметі. Бұл орайда биылғы бірінші жартыжылдықта бөлшек сауда көрсеткіші 25469 миллион теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 113,6 пайызды құраған. Тауарларды өткізу көлемі бойынша қаланың облыс көлеміндегі үлесі 3,8 құрап, өзге қала мен аудандар арасында 1 орынды иеленді. Ал негізгі капиталға тартылған инвестиция 114069,2 миллион теңгені құрап, 2021 (100187,9) жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда өсім 1,1 пайызға өсіп, 113,8 пайызды құрады. Оның ішінде республикалық бюджеттен 34194,2 миллион теңгені, жергілікті бюджеттен 40,280,5 миллион теңгені және өз қаржысы есебінен 28450,0, банктерден 8299,1, басқа да қарыз қаражаты есебінен 2845,4 миллион теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша облыстың инвестиция көлемінің 110,0 пайызын құрады. Ауыл шаруашылығы саласында 2666,8 миллион теңгенiң өнiмi өндiрiлiп, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 92,5 пайыз болды. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы жалпы өнімі ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айына 1077,5 млн теңге болса, мал шаруашылығы өндірісінде 1513,9 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіштер тиісті бағдарламалардың тиімділігін, сондай-ақ кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін айқындайды.
Киелі қалада бағаны тұрақтандыру мақсатында да көптеген шаралар қолдандылуда. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру жөнінде Түркістан қаласы әкімдігі Е-Өтініш бірыңғай ақпараттық жүйесіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының қымбаттағандары туралы арыз-шағымдар көптеп түсуде. Осыған орай, Түркістан қаласы әкімдігінің 2022 жылы 08 шілдеде №1489 «Жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы» қаулысы шыққан. Аталған қаулыға сүйене отырып, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ERSOP базасына арыз негізінде 10 пайыздық үстемақысынан асырған сауда орындары туралы ақпараттар енгізіліп, тексеру жұмыстары жүргізіліп алғашқы ретке ескерту парағы берілген. «Сонымен қатар, азық-түлік бағалары халыққа қолжетімді болуы мақсатында қаламызда орналасқан әмбебап дүкен иелеріне «Әлеуметтік бұрышты» көбейту мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 30 әмбебап дүкен иелері «Әлеуметтік бұрыш» ашуға өз келісімдері мен кәсіпкерлігі туралы құжаттарын қоса берді. Бүгінде «Сайрам» сут өнімдері мен «Али» сауда өнімдері жеткізілуде. Қосымша нан бағасын тұрақтандыру мақсатында, Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан қаламызда орналасқан «INSAF LTD» ЖШС, «Абдрахманов Өткір» ЖК, «Абдрахманова Умида» ЖК, «Уримбаева Света» ЖК, Салманов Фарух, Ғажайып ЖШС наубайханаларымен 4 жақты келісімшарт түзіліп 7350 теңгеден наурыз–маусым аралығында 678 тонна көлемінде ұн таратылды. Қазіргі таңда, наубайханалар 85 теңгеден тәулігіне 23800 дана нан өнімдерін қаламызда орналасқан 205 сауда орындарына жеткізіп отыр. Бөлім тарапынан сатылымға шығарған нан бағасының 90 теңгеден сатылуын қадағалау жұмыстары жүргізілуде», – дейді бөлім басшысы. Сондай-ақ қалада құмшекер бағасын тұрақтандыру мақсатында қала әкімдігінің өтінішімен жеке кәсіпкер Арыстанов Полатбек наурыз айында 555 теңгеден 62 тонна, ал сәуір айынан шілде айы аралығында 174 тонна көлемінде қалада орналасқан 137 сауда орындары арзандатылған шекер беріп, оның 10 пайыздық үстемақысымен сатылуын қадағалау жұмыстары жүргізілген
Айта кетелік, Түркістан қаласында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы қарқынды түрде жүргізілуде. Түркістан қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 298 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылған, 256 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант қаражаттары ұсынылды. 912 тұрғын мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысты. Сондай-ақ жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларымен 6912 тұрғын қамтылған. Қоғамдық жұмыс орындарына – 843 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 125 азамат, жастар практикасы бойынша 501 тұрғын жұмысқа жолданды. Тұрақты жұмыс орындарына – 3271 азамат, алғашқы жұмыс орнына 35 тұрғын орналасты. Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік қайтарымсыз грант 190 тұрғынға тағайындалды. Қазіргі таңда жұмыспен қамтудың шаралары бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.