Төлеби аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Төлеби аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды.

  1. Аудандағы әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген осал топтарына көрсетілген көмектер және атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы.

1.1 «Төлеби аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» және «Төлеби ауданы бойынша 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулыларының жобаларына сараптамалық қорытынды келісім беру туралы.

  1. Аудандағы бала-бақшалардағы тәрбие жұмыстары және балаларды аспен, медициналық қажеттіліктермен қамтамасыз етілуі туралы.
  2. Аудан тұрғындарына электр энергиясын сапалы түрде жеткізілуі, ашықтығы және алдағы уақытта электр жүйесі саласында атқарылатын іс-шаралары туралы.
  3. Бірінші Мамыр және Қасқасу ауылдық округтерінде кіші орта кәсіпкерлікті дамыту және экологияны қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстарының барысы туралы.
  4. Аудандық жер қатынастары саласында атқарылып жатқан жұмыстарының барысы туралы.
  5. Аудан әкімі аппаратының ұсыныс хаты негізінде аудандық жер қатынастары бөліміндегі мемлекеттік қызмет көрсетуде кемшіліктерге жол берген қызметкерлердің жауапкершіліктерін қарау туралы.

Бірінші мәселе бойынша – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Бейсебаева 2021-2022 жылдары халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген топтарына көрсетілген көмектер, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік шаралармен қамтылуы және атаулы әлеуметтік көмектің мақсаты тағайындалуы бойынша атқарылған жұмыстарына баяндама жасады. Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген квота белгілеу туралы қаулыларының жобаларына сараптамалық қорытынды беруді түсіндіріп өтті.

Екінші мәселе бойынша – аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маман-заңгері Б.Жакипов бөлімге қарасты 65 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс атқарады. Оның 25 мемлекеттік, 29 жекеменшік, 11 мектеп жанындағы шағын орталықта 6605 бала тәрбиеленуде. Жалпы аудандағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы атқарылып жатқан іс-шаралар жұмыстарын слайд форматы арқылы көрсетіп толыққанды таныстырып баяндады.

Үшінші мәселе бойынша – «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің Төлеби аудандық электр тарату бөлімінің басшысы Е.Қаратаев, аудан тұрғындарына электр энергиясын сапалы әрі сенімді түрде жеткізілуі, электр құрылғыларына мерзімді және сапалы жөндеу жұмыстары және жоғарғы және төменгі кернеулі электр желілері мен қондырғыларының апатсыз жағдайда жұмыс істеуін қамтамасыз етілу және басқа да атқарылып жатқан жұмыстарын слайд форматы арқылы көрсетті.

Төртінші мәселе бойынша – алдымен Бірінші Мамыр а/о әкімінің орынбасары Ж.Шалғынбаев, екінші болып Қасқасу а/о әкімі М.Ермаханбетов баяндама жасады ауылдық округтерінде кіші орта кәсіпкерлікті дамыту және экологияны қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстарына. Қасқасу а/о әкіміне баяндаманы уақтылы өткізбеуіне байланысты кеңес мүшелері мәліметтермен алдын таныспағандарына ауызша ескерту жасады.

Бесінші мәселе бойынша – аудандық жер қатынастары бөлім басшысы

А.Сарбеков аудандағы жер қатынастары саласында атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндама жасады. Кеңес мүшелері аталған мәселені 2023 жылдың 1-тоқсанында қайта қаралсын деп шешім қабылданды.

Алтыншы мәселе бойынша – аудандық ақпараттандыру мемлекеттік

қызмет көрсету мониторинг бөлімінің жетекші маманы Ж.Шоқатов аудан әкімі аппаратының ұсыныс хаты негізінде аудандық жер қатынастары бөліміндегі мемлекеттік қызмет көрсетуде орын алған кемшіліктерді көрсетіп, түсіндіріп жол берген қызметкерлердің жауапкершіліктерін қарап беруді сұрады.

Жиын барысында әрбір қаралған мәселелер жан-жақты талқыланып, кеңес мүшелері шешімдер қабылданды.

 

ПІКІР ЖАЗУ