Киелітас ауылдық округі әкімінің халықпен кездесуі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Киелітас ауылдық округінің әкімі П.Төребеков Достық ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу №16 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінде өтті. Кездесуге ардагерлер, зиялы қауым, ауыл тұрғындары қатысты.

Халықпен кездесуде округ әкімі «Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022 жылдың 11-айында атқарылған және алда атқарылатын жұмыстары» туралы баяндама жасап болған соң кездесу жаңа «сұрақ-жауап форматта жалғасын тапты.

Достық ауылының тұрғыны, Аудандық Аналар кеңесінің төрайымы А.Рахишова бос жүрген иттерді аулау, жою туралы;

Ауыл тұрғыны А.Исаев Сулеймен көшесін асфальттау туралы;

Ауыл тұрғыны С.Ниязалиева Қ.Жылқыбаев көшесіне жол кедергісін орнату туралы;

Ақайдар ауылының тұрғыны А.Полатбаев бос жүрген иттерді аулау туралы пікірлерін білдірді.

Кездесу жиынында қойылған сұрақтарға округ әкімі П.Төребеков жауап беріп, кездесу барысында халық көтерген проблемалық мәселелерді шешу жолдары туралы арнайы іс-шара түзіліп, оның орындалу барысы жөнінде ақпарат жергілікті баспасөз беттерінде, әлеуметтік желілерде жарияланатынын және сауал иелеріне орындалу барысы жөнінде жазбаша түрде жауап берілетінін жеткізді..

Киелітас ауылдық округі әкімі аппараты

 

ПІКІР ЖАЗУ