Төлеби ауданына 90 жыл толуына орай тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында атқарылып жатқан жұмыстар

Құрметті  Төлеби ауданының тұрғындары!

 

 

        Өздеріңізге мәлім биылғы жылы  Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойы аталып өтуде. Осы орайда коммуналдық салада күнделікті тұрмыстық қажеттілікті талап ететін инженерлік-коммуникация жүйелерін жетілдіру мен тұрақты түрде күтіп ұстау мақсатында автомобиль жолы, ауыз су, табиғи газ, электр жүйесімен қамту, тұрғын үй, абаттандыру, көгалдандыру салаларында атқарылатын жұмыстарды басты назарда ұстап, жіті бақылап отырмыз.

         Дана халқымыз айтқандай «Арқан бойы соқпақтың, тұсау бойы төтелігі бар» демекші бұл салаларда  көптеген өзекті деген мәселелер кезең-кезеңімен  шешімін табуда. Атап айтар болсақ:

 

 

         Жол саласы бойынша – Көліктік-инфрақұрылымды жетілдіру мақсатында ауданымыздың 90 жылдығына орай жалпы облыстық, аудан аралық және ішкі көшелеріне тұрақты түрде жөндеу жұмыстары жасалуда.

        2021 жылы жалпы 79,3 ш.қ, 47 көше жөндеуден өтсе, биылғы жылыда бұл жұмыстар жалғасын тауып, облыстық және аудандық бюджет есебінен жалпы ұзындығы 25,9 шқ құрайтын 20 көше (17 нысан) орта жөндеуден өткізілді.

  (Олар: Зертас е/м Жаңақұрылыс-1,2 көшесі, Әңгірата е/м Дегерез, Жастар көшелері, Зағамбар е/м Түркістан көшесі, аудандық маңызы бар КХТЛ-4 Ақбастау-Әңгірата жолы, Ленгір қаласы, Сәулембаев, Таскешу көшелері, Тағайна е/м Бәйтерек, Ақпейіл, Ақжол, Киелітас елді мекеніндегі Алмалы, Бірлік,)

  Одан бөлек ауданның 90 жылдығына орай облыс тарапынан қолдау көрсетіліп,  жалпы ұзындығы 34,9 шқ құрайтын 4 облыстық маңызы бар жолға (КХ-11 «Сарыағаш-Жылға-Монтайтас-Рабат-Ленгір» – 16,9 шқ, КХ-31 «Қасқасу «Қысқы демалыс аймағы» – 10,2 шқ, КХ-93 «Абай-Кеңесарық-Майбұлақ» – 1,65 шқ, КХ-170 «Біркөліксанаториясына кіреберіс жол» – 6,2 шқ) орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  Нысандардың құрылыстары 2023 жылға өтпелі

  Сондай ақ, ұзындығы 44,6 шқ құрайтын облыстық маңызы бар 2 жол (КХ-29 «Шарапхана-Жанабазар-1 Мамыр»-8,6 шқ, КХ-82 «Шымкент-Қасқасу-Көксәйек-Шымкент»-36,0 шқ) орта жөндеуден өткізуге қолдау тауып, алғашқы жұмыстары басталды. Бұл нысандардың құрылыстары 2023 жылға өтпелі.

          Нәтижесінде: Аудан бойынша  552 автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 1 084,0 ш.қ құрап, оның ішінде:
        – облыстық маңызы бар – 259,84 шқ жолдың қанағатты жағдайы– 88,7%-дан, 2023 жылы 99,5%-ға жететін болады.
– аудандық маңызы бар – 170,05 шқ жолдың қанағатты жағдайы – 89,2 %-дан биылғы жылы 90,3%-ға жетеді.
– елді мекеннің ішкі – 680,1 шқ көшесінің, қанағатты жағдайы – 73,9%-дан биылғы жылы 80,1 % жететін болады.  

Ал, жалпы ұзындығы – 680,1 шқ ішкі көшелердің  ішінде:
        – асфальт жабындысы- 509,446 шқ  (80,1%),
– тас жол- 129,582 шқ (18,5%),
– топырақ жол- 9,842 шқ (1,4%) құрап отыр.

           Ауыз су бойынша -Төлеби ауданы бойынша су құбырының ұзындығы 1226,0 ш.қ құрайды. Абонент саны – 22 368, Су есептегіштер  – 20 856 дана.

        Аудандағы 55 елді мекеннің 54-і (98,2 пайызы) орталықтанған ауыз су құбырымен қамтылған. Қалған 1 е/м (Жаңакүш) ауыз су құбырын жүргізу үшін ЖСҚ әзірленіп, құрылыс құны 286,7 млн теңгеге мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынып, 2023 жылға қаржыландыру үшін тиісті салалық  басқармаға құжаттары ұсынылды.

        Осы  жоба  іске  асса  барлық  елді  мекендер 100 пайыз орталықтанған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілетін болады.

         2021-2022 ж.ж аралығында  РБ бюджет есебінен 6 (алты) е/м ауыз су құбырлары жаңартылуда. Атап айтқанда:

  1. Зертас е/м ауыз  су  құбырының  құрылысын  (құны 619 741,0 мың.теңге, бүгінге игерілгені 534 057,0 мың теңге, қалғаны  85 684,0 мың теңге)  мердігер «Ақмешіт Мелиоратор» ЖШС жүргізуде. Бүгінге 52,0 ш.қ су құбыры тартылып, 151 су құдық ортылды. Сиымдылығы 1200м3 резервуар салынып, бүгінге ауыз суды іске қосу жұмыстары жасалуда.

        Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі.

        Жобада 5970 халық,  986 абонент сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

  1. Керегетас е/м ауыз су құбырының құрылысын (құны 274 357,0 мың.теңге, бүгінге игерілгені 181 424,0 мың теңге, қалғаны 92 933,0 мың теңге)  мердігер  «Ақмешіт Мелиоратор» ЖШС жүргізуде. Бүгінге 27,0 ш.қ  су  құбыры  тартылып,  Сиымдылығы 300м3 резервуар құйылып, ауыз суды іске қосылуда.

       Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі.

       Жобада  631 халық, 158 абонентті сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

  1. Жаңажол е/м ауыз су құбырының құрылысын (құны 338 616,0 мың теңге,  бүгінге игерілгені 203 651,0 мың теңге, қалғаны  134 965,0 мың теңге)   ) мердігер «Ақмешіт Мелиоратор» ЖШС жүргізуде. Бүгінге 30,0 шақырым су құбыры тартылып, 108 дана су құдықтары орнатылған, резервуар құрылысы жүргізілуде. Бұл нысанның құрылысы 2023 жылға өтпелі.

         Жобада 2286 халық, 352 абонентті сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

  1. Бейнеткеш е/м    ауыз   су    құбырының     құрылысын  (құны 282 395,0  мың. теңге, бүгінге игерілгені 254 155,0 мың теңге, қалғаны  28 240,0 мың теңге )  мердігер  «СтройЖолСервис»  ЖШС   жүргізіп, бүгінге 23,0 ш.қ су құбыры тартылып, 113 дана су құдықтары орнатылып, сиымдылығы 300м3 резервуар құйылып, қарауылхана, су сорғы ғимараттары толық аяқталды. Қазіргі кезде ауыз су іске қосылды.

       Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі.

       Жобада 1202 халық, 275 абонентті сапалы ауыз сумен қамтылды.

  1. Нысанбек елді мекенінің ауыз су құбырының құрылысын (құны 268 447,0  мың. теңге, игерілгені 240 583,0 мың.теңге, қалғаны  27 862,0 мың.теңге )  мердігер «СтройЖолСервис» ЖШС жүргізуде. Бүгінге 22,0 ш.қ   су  құбыры  тартылып,  82 дана  су құдықтары  орнатылды. Сиымдылығы 300м3 резервуар құйылып, бүгінге ауыз су іске қосылды.

      Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі.  Жобада 709 халық, 170 абонентті сапалы ауыз сумен қамтылды.

      Барлығы 5 е/м-де 10798 халық, 1941 абонент сапалы сумен қамтылады.

  1. Ленгір қаласында ауыз судың дебетін ұлғайту мен сапасын жақсарту мақсатында 2022 жылы «Көктерек» су тазалау имаратының құрылысы» басталды.

         Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі.  ҚР Ұлттық қордан 643 304,0 мың.теңге қаржы қаралған, игерілгені 376 910,4 мың теңге. Мердігер «КАРАТ-Z» ЖШС арқылы 2200 м3 резервуар құйылып, ауыз суды тазарту станциясы  салынды. Қазіргі кезде су тазарту құрылғысы алынуда.

        Бұл жобада ауыз судың көлемін тәулігіне 8400 м3 дейін қосымша тазарту және су көлемін ұлғайту қарастырылған.

         Аудандық бюджеттен 2022  жылы 197,8 млн  теңгеге  19 нысан бойынша (Кемеқалған, Қазақстан-Көксәйек, Киелітас, Достық, Жоғарғы Қасқасу  е/м жекелеген көшелердегі ауыз су құбырларын жөндеу,  №1 және №4,5-ші ұңғымаларды жөндеп, қарауылхана ғимараттарын соғу және  7 жерде бұлақ бастарын қоршау) 24,62 ш.қ ш.қ ауыз су құбыры ағымдағы жөндеуден өткізіліп, су сорғы орнату мен бұлақ бастарының санитарлық аймақтарын қоршау жұмыстары жүргізілуде.

         Жобалау-сметалық құжаттар бойынша:

 

  1. Қоғалы а/о Ұзынарық е/м ауыз су құбырының құрылысының жалпы сметалық құны – 427,3 млн. теңгені құрайтын № ЕТ-0249/21 сараптаманың оң қорытындысы 01.12.2021 ж.  алынып, құрылыс жұмыстарына 2023 жылы қаржы қарау жоспарына енгізу үшін құжаттары облыстық тиісті салалық басқармаға ұсынылды.

 

  1. Қоғалы а/о, Алшалы е/м ауыз су құбыры құрылысының жалпы сметалық құны – 377,4 млн. теңгені құрайтын № ЕТ-0250/21  сараптаманың оң қорытындысы 01.12.2021 ж. алынып, құрылыс жұмыстарына 2023 жылы қаржы қарау жоспарына енгізу үшін құжаттары облыстық тиісті салалық басқармаға ұсынылды.

 

  1. Қоғалы а/о, Диханкөл е/м ауыз су құбырын жаңартуға ЖСҚ әзірленіп, құрылысына 668,7 млн теңге құрайтын сараптамасы алынып, құрылыс жұмыстарына 2023 жылы қаржы қарау жоспарына енгізу үшін құжаттары облыстық тиісті салалық басқармаға ұсынылды.

        Кәріз жүйесі   –  Төлеби ауданы, Леңгір қаласы, 1-мөлтек ауданындағы № 3 тазалау имараты құрылысының жалпы сметалық құны – 2 624,218 мың теңгені құрайтын 04.12.2021 жылғы № CCon-0357|21 сараптаманың оң қорытындысы алынған. Аталған нысанның құрылыс – монтаждау жұмыстарын бастау үшін 2022 жылдың  мамыр айындағы облыстық бюджеттік нақтылауда  21,0 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда мердігер мекеме анықталып, келісім-шартқа тұру рәсімдері жүргізілуде.

         Табиғи газ саласы  –  Ауданда газ құбырының жалпы ұзындығы 1 151,5 ш.қ құрайды (оның 127,0 ш.қ жоғары қысымды, 790,1 ш.қ орта қысымды, 234,3 ш.қ төмен қысымды құбырлар).

        Қорғалған жер асты құбырлары 49,52 ш.қ құрайды.  Газ реттеу құрылғылары (ГРП, ГШРП) – 16 917  дана. Газ ауданға  АГТС Зертас  және  АГТС-4 Шымкент  таралады.

        Жалпы аудандағы 55 елді мекеннің 48-і (87,3%) орталықтанған табиғи газбен қамтылған. Яғни 115 435 тұрғын, 20 970 абонент газға қосылған.

       Қалып отырған 7 елді мекенге (Қасқасу, Кеңесарық, Керегетас, Жоғарғы Қасқасу,  Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы е/м), РБ есебінен 2021 жылы 600,5 млн теңге бөлініп құрылысы басталған, нысан құрылысын аяқтауға 2022 жылы 472,0 млн теңге бөлініп жұмыс атқарылуда. Бүгінгі таңға:

        -Қасқасу, Кеңесарық, Керегетас, Жоғарғы Қасқасу е/м жалпы 67,11ш.қ полиэтилен  құбыр, 8,0 ш.қ темір құбыр тартылып, 800 жуық ГШРП орнатылуда (жобада қаралмаған 81 үйге газ кіргізілді).

        -Диханкөл, Алшалы, Ұзынарық е/м – 42,5 км газ құбыры толық тартылып, 531 дана ГРПШ қойылды. Жұмыстар аяқталып, құбырлар сығымдаудан өткізілді. Газға қосу жұмыстары жасалуда.   

         Жоба аясында  осы жеті елді мекен бойынша 9 767 тұрғын, 1663 абонент табиғи газбен қамтылады.

         Осы нысандар іске қосылса 55 елді мекен 100 % табиғи газбен қамтылатын болады.

          Жекелеген 13 көше: ОБ есебінен 173,8 млн теңге бөлініп,  Ленгер қ. Күмістөбе, Кенші көшесі, Достық е/м Астана көшесін, Киелітас е/м Қарауылтөбе, Қорған көшелерін, Қарақия е/м Қарақия көшесінде 12,6 шақырым құбыры тартылды. Нысан құрылысы  2023 жылға өтпелі.

        Қазіргі таңда «ҚазТрансГазАймақ» АҚ бірлесе отырып құрылысы біткен көшелерді газға қосу үшін құжаттар жасалуда.

        Көксайек а/о, Көксайек елді мекеніндегі Жастар, Әйтеке би, Жіңішке, Тұрсынбай көшелеріне бөлінген 19,8 млн теңгеге, 1,42 шақырым ішкі газ құбыры жүргізіліп, құбырлар сығымаудан өтіп, ИТД құжаты  алынды. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ  тех.қызмет көрсету жасалып аталған көшелердегі құбырға газ жіреліліп, қосылды.

         Бірінші Мамыр а/о, Социал массивіне 34,3 млн теңгеге,  3,05 шақырым газ құбыры жүргізіліп, 14 ГШРП орнатылды. Құбырлар сығымаудан өтіп, ИТД құжаты  әзірленуде. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ бірлесіп  газға қосу жұмыстары жасалуда.

         Ленгір қ., Таскешу және Саулембаев көшесіне 28,6 млн теңгеге, 2,412 ш.қ газ құбыры жүргізіліп, 39 ГШРП орнатылды. Құбырлар сығымаудан өтіп, ИТД құжаты  әзірленуде. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ бірлесіп  газға қосу жұмыстары жасалуда.

          Ленгір қ., Север м/а 36,5 млн теңгеге, 1,8 ш.қ газ құбыры жүргізіліп, 30 ГШРП орнатылды. Құбырлар сығымаудан өтіп, ИТД құжаты  әзірленуде. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ бірлесіп  газға қосу жұмыстары жасалуда.

         Жоба бойынша жалпы 13 көшеде  325 жуық абонент, 1655 тұрғын газбен қамтылып, қалып кеткен көшелерде 100 %  пайыз газбен қамтылады.

         Газ нысандарын теңгеріме өткізу бойынша

         Республикалық меншікке өткізілетін 33 газ нысан облыс әкімінің 11.06.2021 жылғы №135 қаулысы негізінде 14.06.2021 жылы қабылдау-өткізу актісімен Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасымен келісіліп, Түркістан облысының мүлік және жекешелендіру департаментіне құжаттардың түп нұсқалары қолма-қол тапсырылған. ҚР-сы Үкіметінің қаулысы негізінде «Самрұқ-Қазына» ӘҚ арқылы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-на өткізілуде.  

 

          Электрлендіру саласы  Төлеби ауданында электр жүйесінің жалпы ұзындығы – 933,755 ш.қ құрайды. (СИП кабелдер– 392,1 ш.қ, темір 509,3 ш.қ, бағаналардың жалпы саны – 39161 дана, трансформаторлар саны –  371 дана) РБ бюджет есебінен Кемеқалған, Киелітас, Қаратөбе, Аққұм, Зертас, бойынша (2021 жылдан ауыспалы) жалпы 26 көшеде 71,3 ш.қ электр желілері тартылып, 19 трансформатор орнатылып, электр жүйелері іске қосылды.

       Көксәйек, Алатау, Тасарық,  а/о бойынша бүгінге жалпы 32 көшеде 36,0 ш.қ электр желілері тартылып, 12 трансформатор орнатылды. Бұл жұмыстар жалғасын табуда (ПМК-7 ЖШС).

  Ұлттық қордан қаралған 99,5 млн теңгеге Алатау а/о Екпінді, Біркөлік е/м  16,2 ш.қ электр жүйесі мен 7 трансформатор орнатылуда. Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі.

  2022 жылы РБ есебінен бөлінген 190,3 млн.теңгеге Бірінші Мамыр а/о, Тағайна е/м, 11 көшеге 36,1 ш.қ электр жүйесі мен 7 трансформатор орнатылуда. Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі.

  ОБ есебінен 70,9 млн теңгеге Кемеқалған а/о Қаратөбе е/м  3 көшеге 13,2 ш.қ электр жүйелері мен 2 трансформатор орнатылуда.

 Ленгір қ, Қазығұрт м/а 10/0,4 кв электр желісінің құрылысына 27,5 млн теңгеге бөлініп, 2,2 ш.қ электр жүйесі тартылуда.

  Сондайақ аудандық бюджет есебінен 26,5 млн теңгеге Ленгір қ, 1-м/а және Киелітас шекарасыдағы жаңа массив көшелеріне 3,5 ш.қ электр жүйелері  мен 1 трансформатор орнатылды.

  Ленгер қ., «Алатау» м/а 110 кВ ӘЖ бар ҚС-110/10 кВ электр қосалқы станциясын салу үшін алғашқы жұмыстарын бастауға 50,0 млн қаржы қаралған, қазіргі таңда мердігер анықталды. Құрылыс жұмыстары 2023 жылға өтпелі.

 Сонымен қатар, 5 жобаның жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Оның ішінде:

 (Қасқасу а/о, Жоғарғы Қасқасу е/м Сарыбұлақ көшесі, Керегетас е/м, Майдатал көшесі, Кеңесарық е/м, Өмірзақұлы Қозбақ көшелері; 

Киелітас  а/о, Ақайдар е/м Мерей көшесі, Сұлтанрабат е/м, Ескіқорған, Жалын, Қарауылтөбе көшелері;

 Кемеқалған  а/о, Ақбастау е/м Төртшал, Талдыбастау көшелері;

Тасарық  а/о, Тасарық е/м М. Әуезов, Т. Тоғысбаев көшелеріне, Ханарық е/м А. Навой, Мәуелі, С.Рахимов  көшелеріне, Оңтүстік е/м Саңлақ, Ақмола көшелеріне, Жамбыл е/м, Береке, Итемір әулие, Беласар, Алатау, Асар көшелері.

Бірінші Мамыр елді мекені, М.Әуезов көшесіне электр желісінің құрлысы)

Биылғы жылы сараптаманың оң қорытындысы алынып, 2023 жылға қаржыландыруға ұсынылатын болады.

 «Оңтүстік Жарық Транзит» АҚ инвестициялық бағдарламасы бойынша 8 елді мекендегі 29,9 ш.қ электр желісі жаңартылуда (Ленгер қ.Саулембаев, Күмістөбе, Қазақстан, Бірінші Мамыр е/м,  Д.Әшірбай, Алғабас е/м Бірлік, Жаңатұрмыс е/м, Жалғызағаш, Оңтүстік е/м, Саңлақ, Ақмола, Қостөбе е/м, Ө.Елемес, Шүңкілдек, Қостөбе көшесі, Жаңаұйым е/м, Қырықбаев көшесі, Киелітас е/м, Атамекен).

Одан бөлек  4 трансформатор ауыстырылды (Ленгер қ.Саулембаев көшесі, Бірінші Мамыр е/м,  Д.Қонаев,  Көксәйек е/м А.Тлеуберді және Төлеби көшесі).

       Тұрғын үймен қамту  бойынша:  Бүгінге барлығы – 4890 азамат тұрғын үй кезегіне тіркелген. (Оның ішінде: «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатында – 338; «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санатында – 1998; «Көп балалы отбасылар» санатында – 1043; «Мемлекеттік және бюджеттік мекеме қызметкерлері» санатында – 1510 және «Жалғыз тұрғынжайы авариялық жағдайда деп танылған» санатында – 1 азамат).

  2022 жылға дейін жалпы 920 отбасы тұрғын үймен қамтылды.

  Ауданымыздың 90 жылдығына орай биылғы жылы көктем мезгілінде 117 пәтер берілсе, биылғы жылдың қазан айының соңына дейін қосымша 63 пәтер беру жоспарануда. (3 – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 60 – көп балалы отбасы, 54 – әлеуметтік жағынан осал топтар санаттары бойынша тұрғын үймен қамтылды).

 

    Абаттандыру жұмыстары

 

  1. Төлеби ауданының 90 жылдығына орай Ленгір қаласы, 1 шағын ауданындағы «ETNO – АYYL» жобасына 54,0 млн теңге бөлініп, Мердігер «Décor Service Grop» тарапынан іске асырылуда. Жоба асында киіз үй, сәулеттік кескіндер (МАФ), сахына, садақ ату орны, алтыбақан, тапшан, беседка, арка, керуендер орнатылып, аяқжолдар салынады.

  1. Ленгір қаласы 1 мөлтек ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің ауларына балалар ойын алаңшасын орнатуға конкурстық 121,9 млн теңгеге мердігер «StepPark KZ» ЖШС жұмыстарды атқаруда. Бүгінгі күнге 9 жерге баллар ойын алаңшасын орнатты. Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі.

  1. Ленгір қаласы 1 шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстарына конкурстық құны 89,7 млн теңгеге мердігер «Қуат-Құрылыс» ЖШС жұмыстарды атқаруда.

       Бүгінгі күнге үй ауларындағы жолдарды кеңейту, жарықтандыру, бейнекамералар орнату, 2-автотұрақ жасау, ішкі жолдарды кеңейту жұмыстары атқарылды. Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі.

  1. Ленгір қаласы 1 шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстарына конкурстық құны 70,5 млн теңгеге мердігер «Prof-Facade» ЖШС жұмыстарды атқаруда.

       Бүгінгі күнге үй ауларындағы жолдарды кеңейту, 1 спорттық аңашаға газон төсеу, 2 автотұрақтар жасау, суағарлар жасау  жұмыстары атқарылды. Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі.

       Аудан бюджетінен 39,9 млн теңге бөлініп елді мекендерді абаттандыру мен көркейту жұмыстары атқарылуда. Атап айтқанда:

(Сұлтан Рабат е/м спорттық алаңшасын қоршау  (11,1 млн.тг), Ұзынарық е/м спорттық алаңшаға газон төсеу (5,5 млн тг), Зертас е/м спорттық алаңша орнату (10,7 млн.тг), Әңгірата е/м аллея  орнату (12,6 млн.тг)

«Үздік елді мекен», «Үздік көше» және «Үздік аула» номинациясы бойынша жүлделі орын иелері анықталып, жүлде алған ауылдық округтерге ойын алаңшалар орнатуға 8,0 млн қаржы  қарастырылып берілетін болады.

 

 Жарықтандыру –  2022 жылға Ленгір қаласы мен 13 елді мекенге  38,2 шақырым түнгі жарық орнатуға 100,0 млн теңге қарастырылып жұмыс жасалуда.

Оның ішінде:  Нысанбек -1,409ш.қ, Қазақстан- 2,061 ш.қ, Оңтүстік-3,8 ш.қ, Алғабас-1,57 ш.қ,  Бейнеткеш -3,76 ш.қ, Керегетас-4,549 ш.қ,  Шатыртөбе – 1340 ш.қ,  Жіңішке-3,1 ш.қ,  Алатау – 0,3 ш.қ,  Жаңакүш – 0,7ш.қ,  Алатау – 1,0 ш.қ, Алшалы – 2,544 ш.қ, Нысанбек -Тау самалы -2, ш.қ Ленгір қ, С. Сәулембаев – 3,15 ш.қ, Е. Сәуірбайұлы-1,47 ш.қ, Қ. Ешенқұлұлы -0,925 ш.қ, Жамбыл-1,3 ш.қ, Қ. Тыныбеков -2,52ш.қ)

 

 Аяқжол салу  – 2022 жылға 2 елді мекенде (Зағамбар е/м, Әл-Фараби көшесі, Майбұлақ, Аққұм а/о, Аққұм е/м орталық көшесіне) 5,8 шақырым аяқжол салуға аудан бюджетінен жалпы 86,8 млн теңге қаралып, аяқжолдың құрылысы жүргізілуде.

 

       Қортындылай келе:

 

  Жол саласы –  Облыстық маңызы бар- 259,84 шқ жолдың қанағатты жағдайы – 88,7%, 2023 жылы 99,5%-ға жететін болады.

аудандық маңызы бар – 170,05 шқ жолдың қанағатты жағдайы – 89,2% биылғы жылы 90,3%-ға жететін болады.


       елді мекеннің ішкі – 680,1 шқ көшесінің қанағатты жағдайы – 73,9%-дан биылғы жылы 80,1 % жететін болады.

Ауыз су  – Орталықтанған су құбырмен 98,2% қамтылған. Су құбырларының қанағаты жағдайы 84,1%-дан биылғы жылы 86,1%-ға жететін болады.

Табиғи газ табиғи газбен жалпы 87,3% қамтылған жыл соңына дейін  92,7 пайызға жеттеді. (2023 жылы 100 пайыз қамтылады).  

Электр жүйесі – Электр жүйесімен жалпы 78,0 пайыз қамтылған, жыл соңына дейін  89,2 пайызға жеттетін болады.

Жарықтандыру- Орталық жолдарға орнатылған түнгі жарықтар жалпы 121,4 ш.қ құрап 95,6 пайызды жетті.    

 

ПІКІР ЖАЗУ