Жүзеге асқан жобалар ауқымды

ҚР Президенті Жарлығына сәйкес, биылғы жылдың қорытынды кездесуі аудандық мәдениет үйінде өтті. Аудан орталығы Ленгір қаласындағы облыстық маңызы бар жолдар 7,1 шақырымды құраса, оның қанағаттанарлық жағдайы – 100%, аудандық маңызы бар жолдар 16,3 шақырым, қанағаттанарлық жағдайы – 96,4%. Қаланың ішкі көшелері – 101,1 шақырым, қанағаттанарлық жағдайы – 98,5%. Биылғы жылы С.Сәулембаев, Таскешу, Астана көшелеріне асфальт толық төселді. «Жарық жол» мекемесі 11 көшеге ағымдағы жөндеу жүргізді. Алатау мөлтек ауданындағы ұзындығы 2, 4 шақырымды құрайтын №4, №6, №7, №8, №23, №25 көшелеріне тас төселді. Сонымен қатар Самал мөлтек ауданындағы 0,4 шақырымды құрайтын №2 көшесіне тас төсеу жұмыстары жүргізіледі. 2023 жылы Ленгір қаласындағы жалпы ұзындығы 6,42 шақырымды құрайтын 14 көшені орта жөндеуден өткізуге құжаттары әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды.

І мөлтек аудандағы №3 кәріз тазалау имаратының құрылысын бастау үшін қаржы бөлініп, мердігер мекеме анықталды. Қазіргі кезде келісім-шарт түзіліп, алғашқы жұмыстар басталды. Құрылыс 2023 жылы жүргізіледі.

Қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту бағытында «Көктерек» су тазалау имаратында құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі. Достық елді мекеніндегі №4,5 ұңғымалары ағымдағы жөндеуден өтті. Астана көшесіне ауыз су құбыры жүргізіліп, «Көктерек» бұлақ басы каптаждалуда. І мөлтек аудандағы №5 су жинақтауышы ағымдағы жөндеуден өтті.

Қала аумағының басым бөлігі табиғи газбен қамтылған. Күмістөбе, Кенші көшелеріндегі газ құбырында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді. Таскешу және С.Сәулембаев көшелеріне, Север мөлтек ауданына квартал ішілік газ құбырлары тартылып, жыл соңына дейін газға қосу жоспарлануда.

«Алатау» мөлтек ауданына 110кВ ӘЖ бар ҚС-110/10 кВ электр қосалқы станциясын салу жұмыстарына қаржы қарастырылды. Нысан құрылысы 2023 жылы жүргізіледі. Қазығұрт мөлтек ауданына 2,0 шақырымды құрайтын электр желілері тартылып, 56 бағана орнатылуда. І мөлтек ауданындағы жаңа массив көшелеріне 3.2 шақырым электр желісі тартылып, 1 трансформатор орнатылды. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвест бағдарламасы аясында С.Сәулембаев, Күмістөбе, Қазақстан көшелеріне электр желілері тартылып, трансформатор қойылды.

Ленгір қаласының 26,1 шақырымына түнгі жарық қойылып, 20,1 шақырым аяқ жол салынған. С.Сәулембаев, Е.Сәуірбайұлы, Қ.Ешенқұлұлы, Жамбыл, Қ.Тыныбеков, Қ.Дүйсемұратұлы, Базар көшелеріне түнгі жарық орнату жоспарлануда. Кенші көшесіне түнгі жарық шамдар үнемделген қаржы есебінен жүргізіледі.

Биылғы жылы Орталық саябақта абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, қала аумағындағы 28 орынға заман талабына сай қоқыс жәшгіктері орнатылды. Ленгір-Көксәйек айналма жолына «Төлеби баба» стенді қойылып, «Тәуелсіздік саябағы» ағымдағы жөндеуден өтті. І мөлтек ауданға 9 балалар ойын және спорт алаңшасы, бейнебақылау камералары, түнгі жарық қойылып, жол жиектері кеңейтіліп, автотұрақ салынып, суағарлар орнатылды. Төлеби және Ә.Бектайұлы көшесі қиылысындағы шатқалда «Этно ауыл» жобасы жүзеге асырылды.

Аманкелді көшесіне аяқ жол салу, Төлеби көшесінің 293 үй мен 103 үй арасына аяқ жол салу, 300 метр металл жабынды орнату, Қазыбек би көшесіне аяқ жол салу, І мөлтек ауданға аяқ жол салу үшін қаржыландыруға ұсынылды.

Кездесу барысында халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдадым. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 10 айлық қорытындысымен таныстырып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауын, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етіп, проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірдім.

 

ПІКІР ЖАЗУ