Түлкібаста электр желілері ауыстырылды

Биыл Түркістан облысы, Түлкібас ауданына қарасты Түлкібас кенті мен Абай, Жаскешу, Жаңаталап, Жабағылы, Керейт, Т.Рысқұлов, Ынтымақ елді мекендерінде тозығы жеткен 782 электр бағанасы мен 32,55 шақырым электр желісі жаңартылды. 

Бұдан бөлек тозығы жеткен 5 трансформатор жаңартылып, электр қуаты төмен 2 елді мекенге қосымша 2 трансформатор орнатылды. 

Бұл туралы аудан әкімі Нұрлан Байғұттың төрағалығымен өткен кезекті лездемелік жиында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің Түлкібас аудандық электр желілері бөлімінің басшысы 

А.Досов мәлімдеді. Сонымен қатар ауданда тұрғындар тарапынан көтерілген үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету, ескірген электр бағаналарын ауыстыру сынды мәселелер жоспарға сай рет-ретімен шешімін тауып келеді. 

ПІКІР ЖАЗУ