Қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді

Қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, Түлкібас аудандық қоғамдық саяси газетінің бас редакторы М.С.Қалтаев, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ Түлкібас аудандық филиалының консультанты А.П.Әміров, Түлкібас ауданы әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімшесінің бас инспекторы Б.Б.Камытбеков аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен халықты жұмыспен қамту орталығының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді.

Қоғамдық бақылау барысында бөлім мен орталықта мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін мекеменің ғимаратына кіруге қолайлы жағдай жасалған, яғни арнайы шақырту батырмасы бар пандус орнатылған.

Мекемеге келген қызмет алушыларға электронды түрде қызмет алуына «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орнатылған. Бұл өз кезегінде халық арасында қызметтерді электронды нысанда алу жөнінде насихаттау жұмыстарының үздіксіз жүргізілуінің нәтижесінде электронды түрде қызмет алу үлесінің өсуіне ықпал етуде.

Аталған іс-шара барысында қызмет көрсету сапасына қатысты өзекті мәселелер талқыланды және нәтижесімен мекеме басшыларына тиісті ұсыныстар берілді.

Жұмыс тобының мүшелері тарапынан алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.

ПІКІР ЖАЗУ