Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Қоғамдық көліктердің қызметі үздіксіз бақыланып отырады

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қарасты «Диспетчерлік қызмет орталығы» қала аумағындағы қоғамдық көліктерге диспетчерлік қызмет көрсетеді. Аталмыш қызметтің көмегімен кестені сақталуын үздіксіз бақылауды және маршруттар бойынша автобустардың қала маңындағы үздіксіз және тұрақты қозғалысын қамтамасыз ету үшін жедел реттеуді, сондай-ақ технологиялық процестегі көліктің барлық түрлерімен жолаушылар тасымалдауды үйлестіреді.

Мекеменің қалалық қоғамдық көліктерін GPS арқылы үздіксіз мониторинг жұмыстарын жүзеге асырудың нәтижесінде жүргізушілер тарапынан бұзушылықтар немесе әдеттен тыс жағдай болу фактілері анықталып, жедел түрде тиісті шаралар қолданылып отырады. Бұл дегеніміз қоғамдық көлік қызметі саласының едәуір жақсаруына септігін тигізіп келеді.

Сондай-ақ, мекеме қала орталығына шет аймақтарда орналасқан шағын аудандар мен тұрғын алаптардың тұрғындарын тасымалдауды оңтайландыру мақсатында құрылатын жаңа маршруттарды қалыптастыру және бұл маршруттық желіні паспорттау бойынша тиісті жұмыстарды атқарады. Бұл шаралар қаланың шет маңындағы мекендерде орналасқан халықтың орталыққа ыңғайлы түрде келіп-жетуіне көп ықпалын тигізеді.

Сәйкес жаңалықтар

Жалған құжат жасап колонияға кірмек болған азамат ұсталды

admin

Ағымдағы жылдың 8-ай қорытындысымен ауданымызға 7млрд.300 млн.теңге инвестиция тартылған

admin

АЭС толық жұмыс істеуі үшін атом энергетикасы саласында жоғары білімі бар 400 қызметкер қажет

admin