Түлкібас ауданында аналар кеңесінің отырысы өтті

Түлкібас аудандық орталық кітапханасының  мәжіліс залында аудандық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің IV-тоқсандағы кезекті отырысы өтті.

Аталған жиынға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Түлкібас аудандық филиалы, Аналар кеңесі төрайымы мен мүшелері қатысты.

Кеңес отырысының күн тәртібінде мына мәселелер қаралды.

  1. «Тұғырлы отбасы – бақытты балалық шақтың бастауы» бағытында жұмыс жасау туралы
  2. Отбасындағы ұл және қыз тәрбиесі.

Тақырыптар негізінде Түлкібас аудандық  Аналар кеңесі мүшесі  Ирсалиева Умырай және Турсынкулова Толқын баяндама жасап, қазіргі таңдағы отбасындағы дау жанжал ,ажырасудың себептері мен оның алдын-алу туралы айтып өтті. Атап айтқанда ажырасудың негізгі себептері тұрмыстық зорлық-зомбылық, ер не әйелдің ішімдікке салынуы немесе күйеуі не әйелі жұмыссыз болса, жұбайлардың өмірге деген көзқарастары сәйкес келмеуі және күйеуі не әйелі некеге дейін бірін-бірі ұнатпаған болса, көзге шөп салу және материалдық қиындықтар болып табылатынын алға тартты.

Әлеуметтік-пмихологиялық сүйемелдеу қызметі бөлімінің меңгерушісі Жалбиев Ерлан, отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет. Сонымен қатар, 25 қараша мен 10 желтоқсан күндері аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» Республикалық акциясы басталғанын айтып, және акцияның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы тұру, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту болып табылатынын айтып өтті.

«Қоғамдық келісім» КММ-і Түлкібас аудандық филиал басшысы А.Нұранов жиынды қорытындылай отырып:

Қазақстан болашағының иесі саналатын бүгінгі жастарға тәлім-тәрбие беруде қоғам әрбір отбасына үлкен борыш артады. тбасы – елжанды азаматтардың жеке тұлға ретінде қалыптасуында үлкен маңызға ие. Отбасында алған тәрбиенің мінезге, жақсы мен жаманды ажырата білуге әсер етіп, үлкендерден алған өнегесі уақыт өткен сайын берік қалыпқа түсетіні, оның өмірінен үлкен орын алады,- дей келе,  ұлттық құндылықтар мен отбасы тәрбиесінің үздік үлгілері төңірегінде, қазіргі уақытта ұрпақ тәрбиелеуде ең өзекті мәселелері негізінде осы бағытта түрлі бастамалар жасап, ұрпақтың, ұлттың болашағы үшін үлес қосып жүрген Аналар кеңесіне өз алғысын білдірді.

ПІКІР ЖАЗУ