Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері марапатталды

 

Төлеби аудандық Мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің дәстүрлі «ALTYN KÚZ – 2022» мерекесі өтті. Мерекелік жиынға қатысқан аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы сала мамандарын айтулы мерекемен құттықтап, жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, мол өнім алған үздік ауылдық округ әкімдерін марапаттады.

Ауыл шаруашылығы ауданымыздағы негізгі салалардың бірі. Ата – бабадан келе жатқан бұл саланы өңір шаруалары табысты қорытындылап отыр. Нәтижесінде, Төлеби ауданы үш номинация жеңімпаз атанды.

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің мерейлі сәтімен құттықтаған аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысы ел диханшыларының өз ісіне деген адалдығы мен кәсіби шеберліктерінің арқасында бүгінгі күні ел алдында ең жоғарғы құрмет пен қошеметке ие болып, марапаттқа лайық екендігін атап өтті.

Жыл барысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіріп, төкпей-шашпай жинап, ел игілігіне пайдалануға берді. Күні-түні тер төккен дала диқандарының еңбегі айшықталып, құрмет төрінен көрінді.

Төлеби ауданы мәслихатының баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ