Киелітас ауылдық округі әкімінің халықпен кездесуі жалғасуда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Киелітас ауылдық округінің әкімі П.Төребеков Сұлтанрабат ауылының тұрғындарымен кезекті кездесуі Сұлтан рабат жалпы орта мектебінде өтті. Кездесуге ардагерлер, зиялы қауым, ауыл тұрғындары мен жастары қатысты.

Халықпен кездесуде округ әкімі «Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022 жылдың 9-айында атқарылған және 2022 жылы атқарылатын жұмыстары» туралы баяндама жасап болған соң кездесу жаңа «сұрақ-жауап форматта жалғасын тапты.

Ауыл тұрғыны Ш.Султанова Ленгір қаласынан Сұлтанрабат ЖОМ-не келіп жұмыс істейтін мұғалімдер мен келіп оқитын оқушылар үшін Ленгір қаласы ішінде жүріп жатқан қоғамдық көліктің бағытын мектепке дейін өзгерту туралы;

Ауыл тұрғыны Ш.Эргешова Күншуақ, Жас қыран, Мейірім, көшелерінің бойына балалар ойын алаңшасын орнату туралы;

Киелітас ауылының тұрғыны Н.Өтембаев Н.Әлімқұлов көшесінің бір тарамына көше жарығын орнату, төтенше жағдайлардың алдын алу үшін канал арнасын кеңейту, кешкі мектепке жеке ғимарат қарастырып беру туралы пікірлерін білдірді.

Кездесу жиынында қойылған сұрақтарға округ әкімі П.Төребеков жауап беріп, кездесу барысында халық көтерген проблемалық мәселелерді шешу жолдары туралы арнайы іс-шара түзіліп, оның орындалу барысы жөнінде ақпарат жергілікті баспасөз беттерінде, әлеуметтік желілерде жарияланатынын және сауал иелеріне орындалу барысы жөнінде жазбаша түрде жауап берілетінін жеткізді..

Кездесу біткен соң округ әкімі П.Төребеков ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Киелітас ауылдық округі әкімі аппараты

ПІКІР ЖАЗУ