Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қала аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің сапасы бойынша есебін тыңдады

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков жұмыс күнін мәжіліспен бастап, облыс және қала әкімі тапсырмаларының орындалуы бойынша тиісті бөлім басшыларының есебін тыңдады.

Шаһар басшысына қала аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің сапасы бойынша айтылған ескертулердің орындалуы баяндалды.

Сонымен қатар, жыл басынан бері сектор тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген өзекті мәселелердің негізінде берілген 204 тапсырманың жүзеге асуы сараланды.

Сондай-ақ, топырақ жолдардың мәселесін түбегейлі шешу бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы есеп берді.

Нұрбол Әбдісаттарұлы тапсырмалардың заң аясында мерзімінде орындалуын қамтамасыз ете алмаған басшыларға шара көрілетінін ескертті.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС НӘТИЖЕЛІ ІСКЕ АСУДА

admin

Төлеби ауданында 60 отбасы баспаналы болды

admin

Мұсылмандар Тоқаевтан Қазақстанда қара жұмаға тыйым салуды сұрайды

admin