Ауылымыздан түлеп ұшқан азаматымыз, Азаматтық қорғау генерал-майоры ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті.

 

Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғау Генерал-майор Дербісов Нұрболат Бекболатұлы бүгін өзі түлеп ұшқан Мәдени жалпы орта мектебінде ұзтаздар және оқушылармен кездесуі өтті. Сондай-ақ кездесу барысында, генерал-майор Дербісов Нұрболат Бекболатұлы қазіргі таңда жастарды отансүйгіштік рухты бағытта атқарып жатқан жұмыстар жайында да әңгіме өрбітті. Қазіргі жастар білімді де иманды. Олар тәуелсіздіктің қадірін жақсы біледі. Бойларына отансүйгіштік рух та атойлап тұр. Жиналған қауымға өзінің балалық шағы туралы, қалай әскери адам атанғаны туралы әңгімелеп берді. Жастар генерал-майордың естеліктерін ерекше ықыласпен тыңдады.

Сіздер бақытты жастарсыздар. Сіздер бейбіт елде өмір сүріп отырсыздар, болашаққа деген сенімдеріңіз зор. Алдарыңыздан өркениетті өмірдің есігі ашылып отыр. Бірақ сіздер, осынау өмірге тұтас халықтың тарихы негіз болғанын естеріңізден шығармауларыңыз керек. Ең бастысы – Отанды сүю, тарихты құрметтеу керек. бұл жастарға айтар өсиетім, – деді Дербісов Нұрболат Бекболатұлы.

2022 жылы 25 қазанда «Қазақстан Республикасы күні» Ұлттық мерекесі қарсаңында мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Дербісов Нұрболат Бекболатұлына “азаматтық қорғау генерал-майоры” жоғары арнаулы атағы берілген болатын.

Жоғарғы Ақсу ауылдық округі әкімі аппараты.

ПІКІР ЖАЗУ