Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы

   Ақсу-Жабағлы – Қазақстанның ең көне қорығы. Ол – Орталық Азиядағы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны ретінде  ЮНЕСКО-ның бақылауында. Бұл жерден тау қойы мен ешкілерін, маралдарды,  еліктерді, сілеусіндер мен қар қабыландарын, қасқырлар мен түлкілерді,  аюлар мен тағыландарды, ақкүмістерді таба аласыз. Осы жерлерді сарышұнақтарды да  көруге болады.
Құстар әлемі өте бай. Жоғары аспанда мұртты грифтер, грифондар мен  алтын қырандар қалықтайды. Тасты жартастардың арасынан тау кекіліктерінің  ұяларын, қар арасынан тылсым қар әтештерін кездестіресіз. Жапырақты орман  көлеңкесінде от жалыны тәріздес шыбын ұстағыш қараңдайды. Тоқылдақтың ысқырған  дауысы сыбызғының әнін еске салады. Күн сәулесі ойнаған жазық далаларында  көбелектер ойнайды, арасынан сирек кездесетін Аполло көбелектерін де көруге  болады. Өсімдіктер әлемі таңқаларлық. Кішкентай тас ағашы өзінің тамыр жаюымен белгілі. Амарантус Грандифолия өсімдігі бағалы майға толы. Грейг қызғалдақтары тау алаңқайларында қызыл жалындай жарқырайды. Қызғылтым флокулаларға Қоқанд Моринасының жеңіл гүлдері жиналады.
Қорық ландшафтысы көркем және тылсым. Жазықтар мен алаңқайлар биік шыңды тауларға алмасып, жартасты шатқалдармен қиылысады. Өзендері терең шатқалдарға құйылып, ақырған сарқырамаларды құрайды. Түпсіз көгілдір мұздай тау көлдерінде аспан айнадай шағылысады.
Теңіз деңгейінен 3000м биіктікте орналасқан қол жеткізбес ұңғымаларда тастарға ойылып түсірілген көптеген бейнелерден тұратын «сурет галереясын» табуға болады. Оларда үй және жабайы жануарлар, ежелгі адамдардың аң аулауы бейнеленген.
Ақсу-жабағылының сазды топырағынан палеонтологтар тасқа айналған өсімдіктер, жәндіктер, балықтар мен кесірткелердің іздерін тапқан. Биосфера  қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық теңіз деңгейінен 1000-нан  4,280 м биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Негізгі биік аймақтары өзінің  таңқаларлық бейнелерімен жартылай шөлейттер ылғалды жазықтармен алмасып аршалы  ормандарына өтеді. Ылғалды даладағы бай жазықтар аршалармен астасып жатқан  жіңішке бұталардың өсуіне қолайлы жағдай туғызған. Көздің жауын алатын қатаң  қарлы шыңдардың бөктерінде түрлі түсті альпі гүлдері жайқалып өскен.
“Ақсу жабағылы” қорығы бойынша атпен және жаяу жүретің бір күндік бағыт. Өзінің 75 жылдық мерейтойында қорыққа мамандардың айтуынша қорғай және жабдықталу деңгейі бойынша ТМД елдеріндегі ең жақсы деген баға берді. Қорық территориясында өсімдіктердің қызыл кітапқа еңгізілген 16 түрі (Грейг қызғалдағы) бар. Құстың 58 түрі: ең сирек кездесетің бүркіт, қара құтан, көк қарға, жұмақ шыбын аулашығы. Бүгінде 55 арқар, 40 бас марал, Тянь-Шань аюлары және көптеген жануарлар бар.
Қорықтың өсімдіктер және жануарлар дүниесімен жақынырақ танысқысы келеиіңдер ОҚО Түлкібас ауданы Жабағылы ауылындағы табиғат зоологиялық мұражайына бара алады. Мұнда олар аңдар мен құстардың жазылып алынған дауыстарын есітіп, дәл табиғат аясында жүргендей әсер алады.
Бұл бағытқа Ванновка үңгіріне кіру және шатқалмен атқа мініп серуендеу енгізілген.
арасынан сирек кездесетін Аполло көбелектерін де көруге болады. Өсімдіктер әлемі таңқаларлық. Кішкентай тас ағашы өзінің тамыр жаюымен белгілі. Амарантус Грандифолия өсімдігі бағалы майға толы. Грейг қызғалдақтары тау алаңқайларында қызыл жалындай жарқырайды. Қызғылтым флокулаларға Қоқанд Моринасының жеңіл гүлдері жиналады.
Қорық ландшафтысы көркем және тылсым. Жазықтар мен алаңқайлар биік шыңды тауларға алмасып, жартасты шатқалдармен қиылысады. Өзендері терең шатқалдарға құйылып, ақырған сарқырамаларды түзейді. Түпсіз көгілдір мұздай тау көлдерінде аспан айнадай шағылысады.
Теңіз деңгейінен 3,000 м биіктікте орналасқан қол жеткізбес ұңғымаларда тастарға ойылып түсірілген көптеген бейнелерден тұратын «сурет галлереясын» табуға болады. Оларда үй және жабайы жануарлар, ежелгі адамдардың аң аулауы бейнеленген.
Ақсу-Жабағылының сазды топырағында палеонтологтар тасқа айналған өсімдіктердің, жәндіктердің, балықтардың және кесірткелердің іздерін тапқан.

Ақсу-Жабағылы қорығы Қазақстан аумағында ұйымдастырылған алғашқы биосфералық резерват болып табылады.

Батыс Тянь-Шань бөктерінде орналасқан Ақсу-Жабағылы қорығы – түрлі табиғи аймақтар мен алуан жер бедері үйлесім тапқан аса көркем орын. Қар құрсауындағы асқар шыңдар, биіктаулы гүлдермен көмкерілген алқаптар ешкімді бейжай қалдырмас көріністерге себепкер болады. Қорықта жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрі тіршілік етіп, өніп-өсуде. Олардың қатарына осы аймақты ғана мекен еткен эндемик түрлер де жетерлік.
Ақсу-Жабағылы қорығында түлкілер мен қасқырларды, болмысынан бекзат ілбістерді, аюлар мен жайраларды кездестіріп, қанаттылар әлемімен танысып, сирек кездесетін өсімдіктердің кереметіне көз тойдыра аласыз. Қорық қызметкерлері үлкенді-кішілі келушілерге арнап қызықты жорықтар мен экскурсияларды тұрақты түрде ұйымдастырып, қорық қонақтарын жиі қуантып тұрады.
Көксай шатқалы – жылдың қай мезгілінде де көрген жанды тылсым көріністерімен баурап алар Ақсу-Жабағылының басты көрнекті орны. Бір шатқалдың маңынан жасыл желекке оранған орманды да, шүйгін шөпті шалғындарды да, дархан даланы да табуға болады. Мұндағы табиғаттың тамашасын сырлы қызғалдақтар мен нәзік түймедақтар, емдік қасиеті шаш етектен шайқурай мен мыңжапырақ еселей түседі. Шатқалда жаяу серуендеуге немесе атқа мініп араласаңыз болады.
Ерекше атап өтуге тұрарлық тағы бір нысан – Ақсу өзенінің шатқалы. Көктем келісімен шатқал маңы Қызыл кітапқа енген Грейг және Кауфман қызғалдақтары құлпырған алқапқа айналады. Аталған Грейг қызғалдағы Ақсу-Жабағылы қорығының символы әрі Шымкент қаласының белгісі ретінде танылған.
Табиғат аясында тынығуға ынталы туристердің таңдауы көп жағдайда Ақсу-Жабағылы қорығына түседі. Әсіресе Түркістан және Жамбыл облыстарынан жол бастаған саяхатшылар өте көп.

  2020-2021 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Ақсу-Жабағылы бойынша экскурсияны қорық кеңсесі орналасқан Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Жабағылы елді мекенінен бастаған жөн. Жабағылыға жету үшін Алматыдан 600 шақырым, Шымкенттен 100 шақырым жүріп өтуіңіз керек. Теміржол арқылы сапарлайтын болсаңыз, Түлкібас бекетінен түсіп, қалған 18 шақырымды жеке не бағдарлы таксимен еңсеруіңізге болады. Сонымен бірге «Алматы – Ташкент» тасжолымен жүретін автобусқа мініп, Ақбиік бекетіне дейін жетіп, қорыққа дейінгі 10 шақырым жолды таксимен жүріп өте аласыз. Ақбиіктің қонақжай халқы келген қонағын көліксіз қалдырмасы анық.
Шырайлы Шымкенттен Жабағылы жеріне жеткізер жол «Айна» базарының автобекетінен немесе теміржол вокзалының кіреберісінен басталады. Біріншісінде бағдарлы автобусқа мінесіз, екіншісінде такси қызметіне жүгінесіз.

Орналасу және тамақтану

Қорық аумағында келушілер үшін аса ыңғайлы, көлік тұрағы мен асханасы бар қонақүй қызмет көрсетеді. Толық ақпарат aksu-jabagly.kz сайтында қолжетімді.
Жалпы Жабағылыға жол түссе, қонақүйлердің жайлы тұрақ пен дәмді дастарханнан бөлек ұсынарын байқап көріңіз. Қонақүй иелері жергілікті көрнекті орындарға экскурсия ұйымдастырып, қазақ ұлттық тағамдарын әзірлеуді үйрететін шеберлік сабақтарын да өткізеді.
Автокөлікпен саяхаттауды жоспарлаған болсаңыз, тағы бір айтар кеңесіміз бар. Жол-жөнекей жолығар базарларды назарыңыздан тыс қалдырмай, азық қоржыныңызға күн шуағына шомыла піскен онтүстіктің жеміс-көкөністері мен әлемнің басқа қай түкпірінен іздесеңіз де, табылмайтын тандыр нан толтырып алыңыз.

ПІКІР ЖАЗУ