Өнім көлемі 2022 жылдың 10 айының қорытындысымен 80 млрд 244 млн. 700 мың теңгені

        Табиғаты ғажайып, ауасы шипалы Түлкібас өңірінің әлеуеті өте жоғары. Әсіресе туризмді дамытуға мүмкіндік мол. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Түркістан облысына жұмыс сапарында халықпен тығыз жұмыс істеуді күшейтуді тапсырды. Сонымен бірге Қазақстан халқына арнаған Жолдауында халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді. Бұл ретте әрбір азамат өз саласы бойынша еңбек етуі тиіс. Жаңа бастамалар Түлкібас ауданының экономикалық дамуына тың серпін береді. Ауыл шаруашылығы, туризм және өнеркәсіп саласының даму қарқыны оданда артады.

_Өңірде өңірлік өнім көлемі 2022 жылдың 10 айының қорытындысымен 80 млрд 244 млн. 700 мың теңгені немесе 115,3 пайызды құрады, жан басына шаққанда 756,1 мың. теңге. (Өткен жылдың тиісті кезеңі 69 млрд 599 млн 300  мың теңге).

Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 11 млрд 357 млн  200 мың теңгені құрады немесе 127,5 пайыз, оның  ішінде 3 млрд 360 млн 800 мың теңгесі бюджет есебінен, 6 млрд 988 млн 800  мың теңгесі жеке сектор  қаржысы, басқа да қарыз қаражаты 1 млрд 7 млн 600 мың теңге.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 13 млрд. 250 млн. 800  мың теңгеге жетіп, нақты көлем  индексі 107,6 пайызды құрады. Облыс бойынша аудан 1 орында.

Көтерме және бөлшек сауда тауар айналымы 12 млрд. 550 млн. 300 мың теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,7% құрады.

   Кәсіпкерлік және туризм саласына келетін болсақ, ауданда белсенді шағын орта бизнес субъектілерінің саны 7204 бірлік, оларда жұмыспен 17826 адам қамтылған. Шығарған өнім көлемі 42,0 млрд. теңгені құрап (2021 жыл тиісті кезеңі 39,0 млрд. теңге), 430,0 млн. теңге салық түскен.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 7 жоба 360 млн 500 мың теңгеге қаржыландырылды. Бұл көрсеткіш бойынша да ауданымыз облыста алдынғы қатарда.

       «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» мен «Екінші деңгейлі банк» бірлескен жобасы әзірленіп 31 жоба 758 млн 200 мың теңгеге қаржыландырылды.

        Түлкібас ауданына жыл басынан бері 6800 турист келген. Оның ішінде 450 шет ел азаматтары. Бүгінгі таңда 32 туристік нысан   аудан қонақтарына қызмет көрсетіп келеді. Олардың 3-і қонақ үй, 6 балалар сауықтыру лагері, 2 емдік сауықтыру орталығы, 21 туристік аймақтар мен туристік базалар.

          Түлкібаста кәсіпорын саны да жыл сайын артып келеді. Солардың бірі – сусын шығаратын «BEIBARYS BOTTLERS» ЖШС. RC Сola атауымен сан алуан түрлі ауыз су және қош иісі бар сусындар шығаратын нысанның құрылыс жұмыстары биыл шілде айында бастау алды. Жобаның жалпы құны – 7 млрд. 600 млн. теңге. Нысан 2024 жылы пайдалануға берілмек. Іске қосылған жағдайда 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Ал «Кен-Тау» ЖШС-нің алма сақтайтын заманауи қоймасы кәсіпкер жұмысының ілгерілеуіне сеп болмақ. Сонымен бірге мемлекеттік қайтарымсыз грант алып кәсібін ашқан азаматтар саны да ауданда артып келеді. Түлкібас ауданында жыл басынан бері бизнес идеяларды жүзеге асыру бойынша 66 азамат қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп отыр. Енді ауданда тұрғындарға кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттен берілетін мүмкіндіктерді түсіндіру жұмыстары да күшейтіле түседі.

         Ауылшаруашылық саласы. Ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 50 млрд. 760 млн. 700 мың теңгені, нақты көлем  индексі 100 пайызды құрады.(Өткен жылдың тиісті кезеңі  44 млрд. 487 млн. 700 мың  теңге)

         Аудан көлемінде 2500 гектар алма бау бар, оның ішінде 765 гектар қарқынды баудың 400 гектары өнім беріп тұрғандары.Түлкібас ауданының брендіне айналған алма бау өнімдерін жинау жұмыстары нәтижесінде бүгінгі таңда 32000 тонна өнім жиналды.

         Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша «Бір алқаптан 2-3 өнім алу» жобасы аясында 14 ауылдық округте 185 шаруашылық 186 гектарға ерте пісетін (картоп, қызанақ, пияз, аскөк секілді т.б) ауыл шаруашылық дақылдарын егіп, 1- ші өнімнен 2969 тонна өнім, 2-ші өнімнен 900,0 тонна өнім жинады.

     Білім саласы. Ауданда мектептер саны– 60, оның 46-і типтік,14-і ыңғайластырылған, апатты жағдайдағы және үш ауысымдағы мектептер жоқ. Мектепке дейінгі ұйым саны – 65, оның 15-і мемлекеттік балабақша, 33-і жекеменшік балабақша,17-і шағын орталық. Балаларды балабақшамен қамту 100 пайызды құрап отыр.

      Биыл ауданымызда халық санының артуына және балаларға сапалы білім алуға жағдай жасау мақсатында 5 жаңа мектеп пен қосымша ғимараттар соғылып, пайдалануға берілді. Атап айтсақ, өткен жылдан өтпелі болып ауданымызға қарасты «Сеславино», «Ы.Алтынсарин» және «Жамбыл» мектептерінің 150 оқушыға арналған қосымша ғимараттарының құрылысы және “Қ.Жандарбеков” мектебіне күрделі жөңдеу жұмыстары   облыстық бюджет есебінен жүзеге асып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде «Аманкелді» мектебіне қосымша құрылыс жұмыстары жүргізіліп, көп жылдан бері өзекті мәселенің бірі болып келген «Абайыл» ауылынан 100 орындық мектеп бой көтеріп, биылғы жаңа оқу жылы пайдалануға берілді.

      Бүгінгі таңда облыстық бюджет есебінен аудан аумағында 3 жаңа мектеп пен 1 қосымша ғимарат құрылысы іске асуда. Олар, Еңбекші ауылындағы 150 орындық «Тұрсынбеков» мектебінің және аудан орталығындағы 300 орындық «Майлыкент» мектебінің құрылысы, нысандар жыл соңына дейін толық пайдалануға беріледі деп күтілуде.

      Ал, Таусағыз ауылындағы “Г.Титов” мектебінің 150 орындық ғимаратының құрылысы мен Т.Рысқұлов ауылы, “Бақыбек” мөлтек ауданында орналасатын 300 орындық мектептің құрылысы келесі жылға өтпелі.

    Әлеуметтік сала. Жыл басынан бері қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру  бойынша 60 азаматты 3-мамандық бойынша  оқуға жолдама берілді.

    Әлеуметтік жұмыс орындарына 162 азамат жолданған. Аудан көлеміндегі 79 жұмыс берушілермен келісім шарт түзіліп, 319 азамат жастар практикасына жолданды. Аудан көлеміндегі 11 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп,  35 азамат  тұрақты жұмысқа орналасқан. “Күміс жас” жобасын іске асыруға жоспарланған 30 азаматтың  18 азаматы жолданып, зейнеттік жасқа дейін жұмыспен қамтылып отыр.

   Мемлекеттік грант бойынша жоспардағы 183 азаматқа өз кәсібін өрлету мақсатында 400 АЕК қаржы көлемінде қайтарымсыз грант беріліп, ақылы қоғамдық жұмысқа 1066 жұмыссыз адам жолданды.

Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» тапсырмасы бойынша, аудан көлемінде 635 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған болса, қазіргі таңда бұл жоспар артығымен орындалып, 848 жаңа жұмыс орны ашылды.

Құрылыс саласы. Жыл басынан бері аудан аумағында 21 870 ш.м тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  107,1 пайызды құрады. Жабағылы ауылындағы әкімшілік ғимаратының құрылысы аудандық бюджет есебінен жүзеге асып, Республика күніне орай пайдалануға берілді. Бұдан бөлек көп жылдан бері жергілікті тұрғындардың көтеріп келген Кершетас ауылдық клубының құрылыс жұмыстары биыл қыркүйек айында бастау алды. Нысан келесі жылға өтпелі. Сонымен қатар, үстіміздегі жылы Т.Рысқұлов ауылы «Бақыбек» мөлтек ауданының дамуына берілген 80,0 га жер телімінің инженерлік инфрақұрылым құрылысының электр желісі толығымен тартылды.

 Сондай-ақ, аудандағы өзекті мәселенің бірі болып келген елді мекендердегі медициналық тіректерге қатысты мәселелер кезең-кезеңімен шешімін таппақ. 2022 жылдық қыркүйек-қазан айларында Ақбиік, Келтемашат, Рысқұл, Шұқырбұлақ елді мекендерінде 4 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы бастау алды. Нысандар келесі жылдың 1-ші жарты жылдығында толық пайдалануға беріледі деп күтілуде.

  Автожол саласы. 2022 жылдың қорытындысымен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының, ішкі көшелерінің жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 82,5 пайыздан 84,3 пайызға артады.

Республикалық бюджеттен «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 4 елді мекеннің (Балықты, Жаскешу, Шақпақ баба. Рзд-114) ішкі көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына 424,8 млн. теңге бөлініп, 328,6 млн. теңгесі игерілді.

2022 жылы Аудандық бюджет есебінен 7 елді мекеннің 15,3 шақырымды құрайтын (Жаскешу, Құлан, Акбиік, Жиынбай, Қараағашты, Елтай, Ұрбұлақ) ішкі көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына 174,2 млн. теңге бөлініп, 170,5 млн. теңгесі игерілді.

2022 жылдың қорытындысымен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының, ішкі көшелерінің жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 82,5 пайыздан 84,3 пайызға артады.

  Ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығынан бері Республикалық бюджеттен «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде аудан әкімінің есептік кездесулерінде көтерілген Шақпақ, Балықты және Жаскешу ауылдық округтерінің 22 ішкі жолдарына жөндеу жұмыстары іске асуда.

  Тарқатып айтатын болсақ, Балықты 13 көше 12,6 шақырым жол толық жөнделіп ел игілігіне пайдалануға берілді. Шақпақ ауылындағы 17,5 шақырымды құрайтын 7 көше мен Жаскешу ауылындағы 1,4 шақырымды құрайтын екі көше келесі жылға өтпелі.

Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен 8 елді мекеннің 15 көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары іске асуда. Оның 9,7 шақырымды құрайтын 11 көшесі толығымен аяқталып пайдалануға берілсе, 4,1 шақырымды құрайтын 4 көше келесі жылға өтпелі.

Жарықтандыру. 2022 жылы аудан тұрғындарының өтінішіне сәйкес аудандық бюджет есебінен 21 елді мекеннің (Шұқырбұлақ,  Ынтымақ, Еңбек, Енбекші, Қызылбастау, Көксағыз, Махталы, Ақбиік, Құлан, Састөбе, Майтөбе, Т.Рысқұлов, Қарағашты, Мыңбай, Жабағылы, Тастыбұлақ, Түлкібас кенті,Тастұмсық, Қарабастау, Жаскешу, Көкбұлақ)ішкі көшелері толық жарықтандырылды.

ПІКІР ЖАЗУ