«Былғары доп» футбол командалары  Республикалық жарыста топ жарды

Қазақстан Республикасы оқу ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының ережесіне және Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының 2022 жылғы 18 қарашадағы 27-07 -03 -16 хатына, Түлкібас адами әлеуетті дамыту бөлімінің   2022 жылғы 15 қарашадағы 403 санды бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы құрылған күніне және Балалар жылына орай, спорттың 9 түрінен «Ұлттық мектеп лигасы» аясында Түлкібас ауданы мектеп оқушыларының дәстүрлі аудандық жарысы жоспарланды.

Былтырғы 2021- 2022 оқу жылының қорытындысы бойынша ауданымыздың 15 құрама командалары облыстық жарыстың жеңімпаздары атанып, асық ату, жеңіл атлетика, футзал және «Былғары доп» футбол командалары  Республикалық жарыста топ жарды.

 Айта кететін жағдай,  қазіргі таңда Түлкібас ауданы мектеп оқушылары «Ұлттық лигасы» аясында  Түркістан облысы бойынша жалпы командалық  1- орында тұр.

 2022 жылы 24 қарашада “Түркібасы” жалпы орта мектебінің және Амангелді атындағы негізгі жалпы орта  мектептерінде  волейболдан 9-11 сынып оқушыларының (ұлдар) арасында аудандық жарыс бастау алды.

  Жарысқа Түлкібас аудандарының  мектептерінен   9-11 сынып оқушыларының 28 (ұлдар)  командалары қатысты.

  Жарыстың мақсаты: балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, оқушыларды дене шынықтыру және спортпен тұрақты шұғылдануға тарту,  волейболды Түркістан облысында танымал ету және дарынды ойыншыларды анықтап, ауданның үздік командаларын іріктеу болып табылады.

   Талапқа сай безендірілген спорт залдарда  төрешілердің бекіткен кестесіне сәйкес, волейболшылар жақсы дайындық көрсетіп, спорт жанкүйерлерінің  алғысына бөленді. Жарыс ойындарының қорытындысы бойынша  Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі 1 -орынды, Г. Титов атындағы жалпы орта мектебі  2- орынды, М. Ломоносов атындағы мектеп- гимназиясы 3- орынды жеңіп алды.

Аудандық жарыста жеңімпаз атанған  Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің  9-11сынып оқушылары  облыстық аймақтық кезеңге жолдама алды.

Оңғарбай Бекжігіт, Ержан Жанарыс – Ы. Алтынсарин ЖОМ оқушылары, Абдрахман Әбзелбек, Алдиярұлы Диас – Г. Титов ЖОМ оқушылары, Қалымхан Әділхан – М. Ломоносов атындағы мектеп- гимназиясы оқушылары жарыстың ең үздік ойыншылары атанды.

Аудандық жарысты жоғары дәрежеде ұйымдастыруда Ә. Науаи атындағы жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі

К. Хасанов , “Түркібасы” жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі М. Мирхаликов, М. Ломоносов атындағы  мектеп- гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі Н. Құрмантай, М. Лермонтов атындағы жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Е. Асырауов зор үлес қосты.

 Аудандық  жарыстың жеңімпаз командаларды,  үздік ойыншыларды аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің   әдіскері Ж. Абилов дипломдармен және грамоталармен марапаттады.

Алдағы уақыттарда облыстық іріктеу жарыстарында ауданымыздың  оқушылары  намысты қолдан бермей, абыроймен қорғайтынына сеніміміз мол. Қазіргі кездерде волейболдан аудандық жарыстар  қыздар командаларының арасында жалғасын тапты.

ПІКІР ЖАЗУ