Түркістан қаласы әкімінің Бірлік секторында халықпен кездесуі

Бірлік секторы бойынша 232 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, ай сайын төленуде, 189 балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары берілуде.

34 тыл еңбеккелеріне 30 000 теңге төленді, 429 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетілуде (72,1 млн.теңге бағытталды).

Түркістан қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп,                 39 937 абонент (1877-сі қосылмаған) газбен жабдықтау желілеріне қосылды.

Бүгінгі күні көгілдір отынды 38-060 абонент (дербес шот ашылғаны – 31 240, техгикалық атқарушы құжат рәсімделуде – 3 266, құжаттар рәсімделуде – 3 554) немесе қала тұрғындардың  91,1% дербес шот ашып пайдалануда.

Оның ішінде, Бірлік секторы бойынша 2 987 абонент болса 2 621 абонент газ пайдалануда.

         Түркістан қаласының аумағында 39 937 электр абонент бар болса, олардың тек 33 937 абоненттері сапалы электр қуатымен қамтылған. Оның орташа сағат тұтыну мөлшері – 48,8 МВт/сағ.

         Бірлік секторында 1 нысанның құрылысы аяқталып, 2 мыңға жуық адам сапалы электрмен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, алдыңғы кездесулерде Бірлік секторында  электр қуатының төмендігі бойынша 6 шағым түскен болатын.

Нәтижесінде Арнасайға 3 дана, Ару анаға 1 дана, 8-ші көшедеге 1 дана   трансформатор орнатылды.

Бұл өз кезегінде қала тұрғындарды сапалы электрмен қамтуды 98,5%-дан 99% жеткізеді.

Түркістан қаласында 38 220 абонент ішінде ауыз сумен                           37 655 абонент немесе 98,5% қамтамасыз етілген. Су алу көздері Біресек (1590 м3/сағ) және   Мырғалымсай (3 200 м3/сағ).

Бірлік секторында 2022 жылы 1 нысанның құрылысы жүргізілуде және 1 нысан қаржыландыруға ұсынылды. Аталған жобаларды  2023 жылы аяқтап Бірлік тұрғын үй алқабын  70% кәріз жүйесімен қамту жоспарлануда.

Бірлік секторында 167,3 шқ. құрайтын 164 көше болса (оның ішінде 17 көше асфальт жол, 130 көше тас жол, 17 көше топырақ жол)

Ағымдағы жылы 16,5 шқ.құрайтын 26 көшеге тас төсеу жұмыстары, 16,7 шқ. құрайтын 11 көшеге аяқжол орнату жұмыстары жұргізілді.

Сонымен қатар, 3,4 шқ құрайтын 3 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Оған қоса , Бірлік т/а қарасты қоғамдық көлік қатынайтын көшелерге 8 дана аялдама нысанын орнату жоспарлануда.

Сондай ақ, 31 көшеде жарықтандыру жүйесінің құрылысы жүргізілді. Қазіргі уақытта жарықшамдарды қуат көзіне қосу үшін тиісті құжаттамалар әзірленуде.

Қала ішінде жалпы 21 бағытта 220 қоғамдық көлік қатынайды. Аталған көліктердің 78 сыйымдылығы жоғары автобустар (жақсы жағдайда) болса, қалған 142-сі шағын автобустар (нашар жағдайда).

Сондай ақ тұрғындар өтінішіне сәйкес, Бірлік секторында 4 ойын алаңшасы салынып және 1 аллеяның құрылысы аяқталуға жақын.

Жалпы қала аумағында 68 000 адам жер кезегінде тұрса, 2023-2024 жылдар аралығында 486 га жер (5 000 участік) адамдарға бөлу жоспарлануда.

ПІКІР ЖАЗУ