Түркістан қаласы әкімінің Сауран секторында халықпен кездесуі
Ағымдағы жылы Сауран секторы бойынша 938 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, ай сайын төленуде, 916 балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары берілуде. 66 тыл еңбеккелеріне 30 000 теңге төленді, 661 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетілуде (148,8 млн.теңге бағытталды).
Одан бөлек, қалада әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылды. Аталған орталық 3 бағытта жұмыс атқаруда.
– тең қоғам;
– белсенді ұзақ өмір;
– әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу.
Ағымдағы жылы Түркістан қаласына 295,4 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланса, 10 айында 204 млрд.теңгеге итнвестиция тартылды.
Қазіргі уақытта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 217,8 мың ш.м. құрайтын 3392 пәтерлі (2683 пәтер несиемен, 709 пәтер кезекпен) 53 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 2022 жылдың 10 айында 200,9 мың шаршы метр құрайтын 3 152 пәтерлі 49 тұрғын үй берілген.
Бүгінгі таңға, 14 839 адам тұрғын үй кезегінде тұрса, жыл соңына дейін тұрғын үй кезегіндегі әлсіз топ және көп балалы отбасыларға 709 пәтермен қамтылып, нәтижесінде кезекте тұрғандар саны 14 130 құрайды.
Одан бөлек, жалпы қалада көпқабатты үйлер саны – 123
46 – Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде
54 – Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген
23 – Күрделі жөндеуді қажет етеді
Түркістан қаласындағы жалпы – 33 мемлекеттік, 26 жеке мектеп ұйымдары бар, оқушылар саны – 55 526. Оның ішінде, Сауран секторында 13 865 баланы құрайтын 12 мектеп орналасқан.
Сондай ақ, №8 Н.Төреқұлов мектебі 3 аусымға өту қауіпі бар.
2022 жылы – 2 мектеп күрделі жөндеуден өтті (Төле би №19 және М.Пошанов №21).
Алдағы уақытта қала аумағында 11 мектептің құрылысы жоспарлануда (2 мектеп РБ есесбінен, 9 мектеп Жайлы мектеп бағдарламасы аясында), оның ішінден Сауран секторында 600 орынды құрайтын 1 мектеп құрылыс жоспарланған.
Түркістан қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, 39 937 абонент (1877-сі қосылмаған) газбен жабдықтау желілеріне қосылды.
Бүгінгі күні көгілдір отынды 38-060 абонент (дербес шот ашылғаны – 31 240, техгикалық атқарушы құжат рәсімделуде – 3 266, құжаттар рәсімделуде – 3 554) немесе қала тұрғындардың 91,1% дербес шот ашып пайдалануда.
Оның ішінде, Сауран секторы бойынша 8 736 абонент болса 8 346 абонент газ пайдалануда.
Түркістан қаласының аумағында 39 937 электр абонент бар болса, олардың тек 33 937 абоненттері сапалы электр қуатымен қамтылған. Оның орташа сағат тұтыну мөлшері – 48,8 МВт/сағ.
Сауран секторында 3 нысанның құрылысы аяқталып, 7 мыңға жуық адам сапалы электрмен қамтамасыз етілді. Одан басқа, 1 нысанның құрылысы жүргізілуде (4 мың абонент).
Сонымен қатар, алдыңғы кездесулерде 5 мәселе көтеріліп, нәтижесінде Жұбанов, Мыңбасы, Байсейтов , Ыбырайұлы және Балақаев көшелеріне 5 трансформатор орнатылды. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарды сапалы электрмен қамтуды 98,5%-дан 99% жеткізеді.
Түркістан қаласында 38 220 абонент ішінде ауыз сумен 37 655 абонент немесе 98,5% қамтамасыз етілген. Су алу көздері Біресек (1590 м3/сағ) және Мырғалымсай (3 200 м3/сағ).
Сауран мөлтек ауданы аумағында жаңадан қоныстанған аумақтарға және ауыз су жүгізілмеген көшелерді қамту жобасы іске асырылуда. Нәтижесінде 2 750 абанент сапалы сумен қамтамасыз етілетін болады немесе 65,7 шақырым ауыз су желісі тартылады.
Сонымен қатар, Орталық су қоймасына сыйымдылығы 5000 м3 (2дана) резервуарлардың құрылысы аяқталып пайдалануға тапсырылды.
Өздеріңізге белгілі қаламызда бір шама Түркістан қаласы, №1, 2 мөлтек аудандар және мақта зауытының шағын ауданының ауыз су желілерін жаңа полиэтиленді құбырға жаңалау, қысымдылығын арттыру , кіші диаметрлік құбырларды үлкен диаметрлік құбырларға қайта ауыстыру және орталық су магистральдеріне біріктіру мақсатында 2 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Орталықтандырылған кәріз жүйесімен 32,2% немесе қаланың 12 297 абоненті қамтылған.
Сауран мөлтекауданы тұрғындарын сарқынды су жүйесімен қамту мақсатында 1 нысан РБ-ке қаржыландыруға ұсынылды. Нәтижесінде 4 500-ге жуық абанент сарқынды сумен қамтылатын болады.
Қалаға сапалы жылу беру үшін тозығы жеткен жылу жүйесін кезең-кезеңмен жаңарту жоспарланған. Осыған орай, 1 нысанның жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп мемлекеттік сараптамаға ұсынылды. Аталған жобаны іске асырған жағдайда қала аумағындағы тозығы жеткен желілердің үлесі 30% дан 10%-ға дейін төмендейтін болады.
Қала аумағында 845 шақырым жол, 875 көше (оның ішінде 316,1 шқ. асфальт жол, 392,5 шқ тас жол, 136,4 шқ топырақ жол). Нәтижесінде, 2022 жыл қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 37,4% дан 39,5% артып, нәтижесінде:
Асфальт жол 333,6 шқ (39,5%),
Тас жол 478,3 шқ (56,5%)
Топырақ жол 33,1шқ (4,0%).
Сауран секторында 175 шқ. құрайтын 156 көше болса (оның ішінде 39 көше асфальт жол, 109 көше тас жол, 8 көше топырақ жол)
Ағымдағы жылы 1,38 шқ.құрайтын 3 көшеге орташа жөндеу жұмыстары, 21,7 шқ құрайтын 34 көшеге тас төсеу жұмыстары, 9,1 шқ. құрайтын 10 көшеге аяқжол орнату жұмыстары жұргізілді.
Сонымен қатар, Жангельдин көшесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай ақ, Баянауыл аумағына қарасты 16 көшеде жарықтандыру жүйесінің құрылысы іске асырылуда.
Қала ішінде жалпы 21 бағытта 220 қоғамдық көлік қатынайды. Аталған көліктердің 78 сыйымдылығы жоғары автобустар (жақсы жағдайда) болса, қалған 142-сі шағын автобустар (нашар жағдайда).
2021 жылдан бастап қала ішінде экологиялық стандарттарға сәйкес 78 жаңа автобус (40 – «ТехПрофАвто» ЖШС, 38 – «Жолаушы» ЖШС) алынды, нәтижесінде қаладағы қоғамдық көліктердің 34% жаңаланды.
2020 жылы қала аумағындағы жарықтандырылған көшелер үлесі 31,8% құраған. жалпы көрсеткіш – 269 көше, 347,7 шқ.
2021 жылы Түркістан қаласында 124 көшеге (147,8 шқ) жарықтандыру жүйесі жүргізіліп, жарықтандырылған көшелер үлесі 46,5% құраған. Жалпы көрсеткіш – 393 көше, 495,5 шқ;
2022 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесімен, қала аумағындағы 93 көшеге (123,1 шқ) құрылыс жұмыстары жүргізіліп жарықтандырылған көшелер үлесі 57,4%-ға жетті. Жалпы көрсеткіш – 485 көше, 618,6 шқ;
Алдағы 2023 жылы қаламыздың 277,2 шқ құрайтын 272 көшесіне құрылыс жұмыстарын жүргізіп, жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесін 89%-ға (895,8 шқ құрайтын 757 көшені) жеткізу жоспарлануда.
Ағымдағы жылы Сауран мөлтек ауданында 1,13 га аумаққа 500 мәдениет үйінің құрылысы басталды. Аталған құрылысты келер жылдың соңына дейін аяқтап пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
Жасыл Түркістан мекемесі қала аумағында саябақтар мен гүлбақтар, көшелер мен жасыл бауларда көгалдандыру, көгалдарды күтіп-ұстау, санитарлық тазалық жұмыстарымен айналысады. Мекеме көгалдарды күтіп ұстау жұмыстарын жыл бойына тұрақты түрде жүргізіп отырады.
Негізгі қызмет көрсету аумағы 524 га құрайтын 248 нысанда жүргізіледі.
Жалпы ағаш көлемі 695 247 дана, көгал аумағы 2 560 000 м2, бұталар көлемі 350 856 дана, гүлдер аумағы 7 га қамтиды. Қызмет көрсететін техника саны 56 ірі және 155 ұсақ, жалпы саны 211 бірлік.
Түркістан қаласы, №1-2 мөлтек ауданында 2021 жылдың соңында көпқабатты үйлер ауласында абаттандыру жұмыстары басталды. Жұмыс барысында ағымдағы жылы аула арасына 8,0 га асфальтты жабынды төселді, 2,5 га аумақ көгалдандырылды, 35 дана ойын алаңшалары мен воркаут, 5 жерге спорт алаңшасы қала тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін орнатылды.
Одан бөлек, әр подъезд алдында орналасқан ескі орындықтар мен қоқыс жәшіктері алмастырылып, жаңадан түнгі жарықшамдар қойылды.
Сауран мөлтек ауданында ағымдағы жылы Төле би көшесінің бойындағы ескі мазарат маңына Төле би атындағы саябақ салынды. Саябақта 1 500 дана ағаштар, 2 300 дана сәндік мақсаттағы көшеттер мен ағаштар отырғызылып, 22 000 м2 көгал егілді. 3370 м2 аяқжол, 2630 м2 веложол салынды, автотұрақ үшін 1530 м2 асфальт төселінді. Ойын алаңшасы мен спорт алаңшалары орнатылды.
Түркістан қаласындағы Тәуке хан даңғылы мен С.Ерубаев көшесі аралығына ағымдағы жылы Отбасы саябағының құрылысы жүргізілді. Саялы демалыс орнының 3000 шаршы метрі – көгалды аумақ. Онда 450 дана көшет отырғызылған. 386 шаршы метріге веложол және 3785 шаршы метріге аяқжол және 224 шаршы метріне автотұраққа арнап асфальт төселген. 30 дана орындық пен қоқыс жәшіктері орналастырылып, балалар ойын алаңшасы мен стрит воркаут, футбол алаңшасы жасақталған.
Балалар жылына орай, қала көлемінде 10 жерге балалар ойын алаңшалары мен спорт алаңшаларының құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде, Сауран мөлтек ауданына қарасты 2 жерге ойын алаңшасы салынды.
Қала көлемінде егілген ағаштар мен көгалдарды суару мақсатында гидрантты суару жүйесінің жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс 6 кезеңге бөлінген. Гидрантты жүйе Арыс Түркістан каналы арқылы келетіндіктен қосымша электр қуатын қажет етпейді.
1-кезең Ботаникалық бақ аумағы (трапеция) 611 га, 62 шқ іске қосылған;
2-кезең Б.Саттарханов даңғылы мен Майкотов көшесінің аралығы, 620 га, 110 шақырым іске қосылған;
3-кезең Қазыбек би мен Жарылқапов көшесі аралығы, Батыс Қытай Батыс Европа жолының бойы (магистраль), 336 га, 25 шақырым жұмыс жүргізілуде;
4-кезең Кентау тас жолы, Оралман аумағы. Қотырбұлақ су сақтау қоймасынан қалаға кіре беріс 320 га, 40 шақырым іске қосылған;
5-кезең Б.Саттарханов даңғылынан Ортақ тұрғын үй массиві аралығы 2023 жылға жоспар;
6-кезең Тұран аумағы гидрантты жүйемен қамтамасыз ету 2023 жылға жоспар;
7-9 кезеңдер 2024-2025 жылдарға жоспарлануда.
Жалпы қала аумағында 68 000 адам жер кезегінде тұрса, 2023-2024 жылдар аралығында 486 га жер (5 000 участік) адамдарға бөлу жоспарлануда.