Шын шеберге тұсау жоқ

Жүргізуші Бану қарындасымыз нақышына келтіргендей «Қай жерде, мейлі, қай елде, Әлемнің мәні-Әйелде!»- дегеніндей Созақ аудандық орталық кітапхананың фоэсінде аудандық орталық кітапханасы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен қолдарынан бал тамған  ісмер,  мүмкіндігі шексіз аяулы қыз-келіншектердің қатысуымен қолға алынған «Шебер қолдар» атты тақырыпта ұйымдастырылған  қол өнер шеберлерінің кездесу кеші өтті. Біз білетін Созақ аудандық орталық кітапханасы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері  жыл басынан бері мәдениет, спорт, денсаулық, тағыда басқа сала қызметкерлердің еңбектерін көпке үлгі етіп, оны дәріптеу мақсатында  бірнеше іс шаралар өткізген болатын. Бұл шараның өзгешелігі  қолдарынан бал тамаған  ісмер мүмкіндігі шексіз қыз-келіншектеріміз  кәзіргі таңда өз кәсіптерін дөңгелетіп, бірі тігіншілік пен айналыса, бірі дәмді ас мәзірлерін жасап, бірі сұлулық салондарында әрлеу мен сәндеумен айналысып, қоғамда өзіндік орындарын қалыптастырып жүрген пысық аруларымыз аналарымыз көп –ақ!  Өнерге, өмірге, құштар мүмкіндігі шексіз аяулы жандарға ізгі ниетімен тілегін білдіріп, кеш шымылдығын ашқан Созақ ауданының әкімнің орынбасары  Оразов  Қалдыбек   Әбілдаұлы:

-Қазақта аналарымыз бен ару қыздарымызға арналған мақал-мәтелдер көп «Қыз өссе, елдің көркі», «Ана бір қолымен бесікті, ал бір қолымен әлемді тербетеді» «Анаға қарап қыс өссер» ия расыменде аналарымыздың отбасында да қоғамда да алар орны ерекше. Әрбір адамның Құдай берген өнері немесе дарыны болады. Соны дұрыс білсе, өнерлі жан өз орнын табады. Өнер адамның әрбір кезінде берілуі мүмкін. Бастысы оған деген құштарлық сезімі биік болса, алынбайтын қамал болмайды. Бұл дүниеде адамның жан дүниесін нұрландыра түсіретін, өмірді кемелдендіріп, ізгілік нұрын шашатын құдірет ол – өнер. Адам баласы өнер арқылы өмірдің қыр-сырын таниды. Өзін- өзі бағалап , кемелденеді. Биікке қол созады. Өмірге деген құштарлық сезімі өнер арқылы келеді.

Қадірменді қонақтар,  ендеше қолдарынан бал тамған «Шебер қолдар» деген атқа лайықты аналарымыз бен қыздарымызға алдағы уақыттарда да зор табыстар мен жетістіктер тілеймін,-деді. Шарада Смахова Бақыт  Тұрсынқызы  1961 жылы Шолаққорған ауылында дүниеге келген. 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп 6 немере сүйіп отырған бақытты ана, бақытты әже, іскер әйел. Созақ аудандық «Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы болып  қызмет атқарып, тігіншілік қабілеті арқылы біраз еңбектерін көзге көрсетіп, құрақ көрпе, жастық т.б бірнеше  ұлттық бұйымдарды жасап, сонымен қатар тігіншілікпен айналысудың жолдарын үйретіп, шәкірттеріде баршылық.

Ибраймова Төреқыз  бала кезден тоқмашылықпен айналысып келеді. Шұлық тоқу, кішентай бүлдіршіндерге сан түрлі түрлі-түсті жемпірлер тоқып, өз кәсібін дөңгелетіп, тұтынушыларының  сұраныстарымен тікелей жұмыстарын жүргізіп келеді.

 Жақсыбаева Малина 1983 жылдың 24-ші наурызында Шолаққорған ауылында    дүниеге келген. 2017  жылы жалпы тігін крусын оқып, 2020 жылы білімін жетілдіріп Алматыда арнайы дизайнер курсын  қосымша оқып, білім алып  кәсіби маман  атанады.  Өзінің жеке ательін ашып, мектеп форма, бишілер киімін тігіп, халықтың сұраныстын қанағаттандырып, сонымен қатар екі адамды жұмыспен қамтып, кәсібін алға қарай ілгерлете түсті.

Мадалиева Томирис 2013 жылы 16 қазан айында дүниге келген.  Отбасында төрт ағайынды, бауырларының арасынан дара өскен Томирис қолынан көптеген өнерлер келеді. Атап өтер болсақ. Тігін тігуден: перде, құрақ құрау, бисер тоқып, одан түрлі – түсті сүмкелер жасай білсе, пласталин арқылы ойға келмейтін түрлі идеялар арқылы мүсіндер жасай алады. Мысалы ретінде тырнақ жасау үлгісі. Асхананың кішкентай ханшайымы  сан түрлі бәліштердің біршама түрлерін жасап, анасын бауырларын қуантуда. Бойында тағыда ерекше талантты бар. Ол өлең шығарып,ән айтып, биде билеп, кез келген ортаның сәнін келтіреді.

Дуанаева Айгерім  1989 жылы дүниеге келген. Кітапханашы мамандығы мен қоса, Балдысу ауылында тәтті нандар пісіріп (торт) тапсырыс қабылдап, халықтың алғысына бөленіп, қолынан бал тамған шебер маман. Белсенді жас өз кәсібін дөңгелетпес бұрын, осы тәтті тоқшатар дайындайтын кәсіби мамандардан сертификат алған.

Кітапхананың белсенді әрі өнерлі оқырмандары Жүнісова Роза Кәденқызы, Мырзағұл Жарқынай, Маратқызы Мереке, Темірәліқызы Айнұр  қыздарымыз шеберлік сағатында өнер иелері өз қолдарынан шыққан керемет туындыларымен таныстырды.

Өнерлі жан өзіне ғана емес, өзгеге де бақыт сыйлай алады. Өнердің шынайы келбеті сол өнерлі жанның өмірін нұрландырып, соның игілігіне қызмет етеді. Б.Момышұлы айтқандай, «Өнер –адамның рухани азығы, ол халықтың бүгіні мен келешегі, арманы мен қиялы, жалпы болмысы». Шын дарын өнер жолында өз орнын таба алады. Күш, жігер ,ақыл мен қайрат – бұлар өнердегі шыдамдылыққа жетелейтін асыл қасиеттер.

Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады. Соның бірі – өнер. Өнер – халық тарихының шежіресі. Осы өнер арқылы өмірдің кең тынысы, тіршілік құбылыстары, адамның әр түрлі сезімі бейнеленеді. Сөз, әуен, қолөнер адам өмірінің сан ғасырлық тарихынан көптеген нәрсені көрсетіп, алуан түрлі сыр шертеді. Қазақ халқының басынан өткен сан қилы замандар, оның тіршілігі мен дағдарысы, салт-дәстүрі, санасы, өмір сүрген ортасы, әдет-ғұрпы арқылы ұлттық өнер ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, болашақ үшін тарих сахнасына айналды. Шараны қорытып және аталмыш шараға қол өнер бұйымдарымен келген шебер қолды аналарымыз бен қыздарымызды оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Элмира Қайдауқызы марапаттады. Шара арқылы өнер деген киелі ұғымды бойларына жинақтаған аналарымызбен қыздарымыздың өнерінің куәсі болып тарастық.

Мақсат Жеңісұлы

ПІКІР ЖАЗУ