Түркібас тұлпарлар туған жер, сұңқарлар қонған жер

Кемеңгер жазушы Шерхан Мұртаза “Түркібасы тұлпарлар туған жер, сұңқарлар қонған жер” дер таңғажайып табиғаты бар киелі жерді кереметке теңеп,ұлы тұлғалардың туғанын айтады. Тұрар Рысқұлов, Бауыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза секілді тарихи тұлғалар Түркібасыдан шықты.Шерағаңнан кейін Мархабат Байғұт, Тұтқабай Иманбеков секілді көрнекті жазушылар елге танылды. Мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттану ғылымдарының докторы Қайрат Айтбай да ел қамын ойлаған тұлғаның бірі. Тұлғалы азамат қашанда халыққа сіңірген еңбегімен қалыптасады. Шерағаңның ізбасары Түркібасы өңірін көркейтуге аянбай күш жұмсап келеді. Өзі басшылық ететін Шерхан Мұртаза атындағы қайырымдылық қоры талай игі істерге мұрындық болды. Ауданның әлеуметтік, білім салаларына жасаған қайырымдылық шаралары аз емес. Күні ертең 25 қарашада қор қаржысымен салынған Көксағыз елді мекеніндегі мешіт пайдалануға беріледі. Қордың қолға алған өнегелі ісі жыл басынан бері халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай тұғыры биік тұлғаны ұлықтау мақсатында таным-тағылымы мол іс-шараларды жиі ұйымдастырып келеді. Шерхан Мұртаза атындағы қор, Мархабат Мирас қорымен бірлесіп, мектеп оқушылары арасында Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай екі айдан бері байқау өткізуде. Онда Шерағаңның шығармалары кеңінен талдануда. Шерхан Мұртаза атындағы қайырымдылық қоры төрағасының орынбасары Сенбек Ералы және “Мархабат Мирас” қайырымдылық қорының төрағасы Сәтбай Қасымбеков мырзалар Дауан, Асанбай Асқаров, Абай атындағы білім ордаларында болып, талантты балалардың шығармашылық жұмыстарымен танысты. Байқау басқа да мектептерде де өтуде. Жыл соңында жеңімпаздар аудандық байқауға қатысып бағын сынайтын болады.

ПІКІР ЖАЗУ