Жаскешуліктер көтерген мәселелер шешімін табуда

Бүгін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Марат Жанесен қазан айындағы жоспарланған халық алдындағы есептік кездесуін Жаскешу ауылында түйіндеді.

Жиында аудан басшысының міндетін атқарушы жыл басынан бері округ көлемінде атқарылған жұмыстарды қысқаша баяндап, алдағы атқарылатын істерге тоқталды. Ағымдағы жылы Жаскешу ауылының Бесата және Мир көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, алдағы жылы тұрғындар тарапынан соңғы есептік кездесулерде көтерілген Жаскешу ауылы, Қ.Тәжібаев көшесіне түнгі жарық шамдарын орнату, Мылтықбаев және Оңалбеков көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Және көптен бері халықтың көкейінде жүрген округ аумағындағы республикалық маңызы бар жол бойындағы көпірлердің жан-жағын ретке келтіру жұмыстары биылғы жылы өз шешімін таппақ.

Басым бөлігі сұрақ-жауап форматында өткен жиында тұрғындар жол қауіпсіздігін күшейту мен жол құрылысына және білім саласына қатысты мәселелерді көтерді.

Әр тұрғынның өтініш-тілектерін жеке-жеке тыңдаған Марат Сүгірәліұлы өз құзырындағы мәселелерге Заң аясында жауап беріп, облыс, республика деңгейіндегі мәселелерді тиісті мемлекеттік органдарға жолданатынын жеткізді.

Сондай-ақ Марат Жанесен жиынды пайдаланып Жолау аясында еліміздегі қабылданған жаңа реформаларға шолу жасап, Мемлекет басшысының саясатын қолдауға шақырды.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

ПІКІР ЖАЗУ