Ұлттық валюта күні құтты болсын!

Құрметті қаржы саласының мамандары!

Сіздерді Ұлттық валюта күні, қаржыгерлер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

25 жыл бұрын, дәл осы күн Мемлекет басшысының №3753 Жарлығымен төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгілеген еді. Ұлттық валютаны теңге деп атауды – Халықаралық Инженерлер академиясының академигі, Қазақстанның белгілі ғалымы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің иегері Сауық Тәкежанов ұсынды. Теңге Ұлыбританияда басылып шығып, оған ұлт көшбасшыларының суреттері таңбаланды. Ұлттық валюта 1993 жылы айналымға еніп, өз тарихында үш жыл қатарынан «Үздік банкнот» атағын алған валюта ретінде тарихта қалды.

Төл теңгеміз қаржы – экономикалық жүйенің негізгі құрамы болып табылады. Сондықтан да, Ұлттық валюта теңгенің басқа мемлекеттердің валютасымен салыстырғанда құнының төмендемеуі, оның тұрақты болуы, жалпы экономиканың тұрақты дамуына әсерін тигізеді.

Еліміздің қаржы саясатында еңбек етіп, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, жауапкершілігі жоғары жұмысты атқарып жүрген қаржыгерлерді кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, қызметтеріне табыс тілеймін. Мереке құтты болсын!

 

ПІКІР ЖАЗУ