20 көше орта жөндеуден өтті

Төлеби – туристік аудан. Таулы аймақ Төлеби ауданы шаруасы шалқыған төрт түлігі төскейде жусап, дархан дала төрінде егіні жайқалып, көшелері гүлмен көмкеріліп көркіне көрік қоса түскен өңір. Ауданымыздың тыныс-тіршілігіне зер салсаң қайнаған тірлік, маңдайдан тамған еңбекті көресің. Ауданымыздың көркейе түсуіне өзіндік сән беретін ол, әрине оның көшелері. Алатау бөктерінде жатқан ауданның жолдарының қанағаттанарлық жағдайы 90,3%.

Жол-экономиканың күретамыры десек, оның ауданның туристік әлеуетін арттыруға ықпалы зор. Аудан аумағында бүгінгі таңда туризм бағытында 76 демалыс аймағы, 64 саяжай жұмыс жасауда. Оларға баратын жолдар облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарда орын тепкен.

Ауылдың дамуы жолдардың жөнделуімен, көшелердің жарықтандырылуымен тікелей байланысты болса, биылғы жылы аудан аумағында біршама жолдар жөнделді.

Жол саласы бойынша – Көліктік – инфрақұрылымды жетілдіру мақсатында ауданымыздың 90 жылдығына орай жалпы облыстық, аудан аралық және ішкі көшелеріне тұрақты түрде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

2021 жылы жалпы 79,3 ш.қ, 47 көше жөндеуден өтсе, биылғы жылы да бұл жұмыстар жалғасын тауып, облыстық және аудандық бюджет есебінен жалпы ұзындығы 25,9 шқ құрайтын 20 көше (17 нысан) орта жөндеуден өтті.

«Ауыл Ел-бесігі» жобасы аясында жалпы ұзындығы 5,8 шқ. құрайтын 2 ішкі көшені (Қасқау е/м Көктөбе көшесі, Қаратөбе е/м Абдулла көшесі) орта жөндеуден өткізуге 60,3 млн теңге қаржы қарастырылды. Сонымен қатар, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен жалпы ұзындығы 33,3 шқ құрайтын 4 облыстық маңызы бар орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Одан бөлек ауданның 90 жылдығына орай облыс тарапынан қолдау көрсетіліп, жалпы ұзындығы 34,9 шқ құрайтын 4 облыстық маңызы бар (КХ-11 «Сарыағаш-Жылға-Монтайтас-Рабат-Ленгір» – 16,9 шқ, КХ-31 «Қасқасу «Қысқы демалыс аймағы» – 10,2 шқ, КХ-93 «Абай-Кеңесарық-Майбұлақ» – 1,65 шқ, КХ-170 «Біркөлік санаториясына кіреберіс жол» – 6,2 шқ) жолдарына орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысандардың құрылыстары 2023 жылға өтпелі

Сондай ақ, ұзындығы 44,6 шқ құрайтын облыстық маңызы бар 2 жол (КХ-29 «Шарапхана-Жанабазар-1 Мамыр»-8,6 шқ, КХ-82 «Шымкент-Қасқасу-Көксәйек-Шымкент»-36,0 шқ) орта жөндеуден өткізуге қолдау тауып, алғашқы жұмыстары басталды. Бұл нысандардың құрылыстары 2023 жылға өтпелі.

Нәтижесінде: Аудан бойынша 552 автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 1 084,0 ш.қ құрап, оның ішінде:

– облыстық маңызы бар – 259,84 шқ жолдың қанағатты жағдайы– 88,7%-дан, 2023 жылы 99,5%-ға жететін болады.

– аудандық маңызы бар – 170,05 шқ жолдың қанағатты жағдайы – 89,2 %-дан биылғы жылы 90,3%-ға жетеді.

– елді мекеннің ішкі – 680,1 шқ көшесінің, қанағатты жағдайы – 73,9%-дан биылғы жылы 80,1 % жететін болады.

Ал, жалпы ұзындығы – 680,1 шқ ішкі көшелердің ішінде:

– асфальт жабындысы- 509,446 шқ (80,1%),

– тас жол- 129,582 шқ (18,5%),

– топырақ жол- 9,842 шқ (1,4%) құрап отыр.

 

ПІКІР ЖАЗУ